0:00 / 0:00
Еліміздің ЖОО-да білім беру сапасына қатысты сұрақ көп. Оқу құны шарықтап тұрған университеттердің бәрінде бірдей сапалы білім беріп, мықты маман дайындап жатыр деп айту қиын. Мұны жоғары білім вице-министрі Қуаныш Ерғалиев те жоққа шығара алмады. Оның айтуынша, «диплом таратумен» айналысқан 15 университет жабылды. Тағы 5 ЖОО жабылуы мүмкін.
Жалпы ағымдағы жылы 28 университетке мемлекеттік бақылау жүргізілген. Оның тең жартысы жоспарлы тексеріс болса, қалған жартысы профилактикалық мақсатта өткізілген. Сондай-ақ, вице-министр әскерге барып, отан алдындағы міндетін атқарып келгендерге жоғарғы оқу орнына еш емтихансыз түсіп, тегін білім алуына жағдай жасалады дейді.