Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

АРСЕЛЛОР МИТТАЛҒА ҚАТАҢ ТАЛАП ҚОЙЫЛДЫ

c 17:49, 10/11/2022 c 894

0:00 / 0:00

Үкімет еліміздегі көмір өндірісін бір уысында ұстап отырған "АрселорМиттал Теміртау" компаниясына қатаң талап қойып жатыр. Бұл жайында премьер-министр Әлихан Смайылов журналистемен өткен брифинг барысында айтты. Өздеріңізге мәлім, қарашаның 3-і күні Қарағанды облысындағы "АрселорМиттал Теміртау" компаниясының шахтасында апат болып, бес кенші қаза болғанды.

Сондай-ақ, аталмыш компания көмір қыртыстарының дегазациясына 37 млрд теңге бөлуге міндеттеліп отыр. Бұрын мұндай талаптар болған еместін. Осылайша, ел үкіметі бірінші рет жер қойнауларын пайдаланып, байып жатқан шетелдік компанияларға қатаң талап қойып, арадағы келісімшартқа өзгеріс енгізіп отыр. Енді «АрселорМиттал» көмір өндірісін жаңғырту шараларына жыл сайын 150 млрд теңге бөліп отырады. Жүздеген шахтердің өмірін қиған апаттарды назарға алсақ, компанияға түсетін салмақ тым аз емес пе?

Қазір апат орын алған шахтада тексеріс жүріп жатыр. Тексеріс нәтижесінде барлық жауапты адамдар, қызметкерлер жауапкершілікке тартылады деп сендірді үкімет басшысы.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.