Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ТОҚАЕВ НЕГЕ ТЕЛЕДЕБАТҚА ҚАТЫСА АЛМАЙДЫ?

c 17:33, 09/11/2022 c 781

0:00 / 0:00

Қазақстандықтардың елдің болашағын сеніп тапсыратын президентін сайлау күні де жақындап қалды. Өздеріңізге белгілі қазіргі Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бастаған 6 үміткер науқандатып жатыр. Алайда, кей кандидаттардың әлеуметтік желідегі әрекеті халық арасында арзан күлкіге айналды. Бұл жайында Мәжіліс төрағасының пікірін білген едік.

Ал 11 қарашаға белгіленіп отырған президенттікке үміткерлердің пікірсайысына мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев кандидат ретінде қатыспайды. Себебі оның жұмыс кестесі тығыз дейді Тоқаевтың сенімді өкілі - Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов. Не керек, Қошанов өзіне сеніп тапсырған миссияны орындауға дайын.

Ал Тоқаевтың сенімді өкілі ретінде елді аралап, сайлауалды бағдарламасын насихаттап жүрген Ерлан Қошановтың мәжілістегі жұмысы қалай атқарылып жатыр?- деген сұрақ қойды тілшілер. Қошанов халықтық коалиция республикалық қоғамдық штабтың басшысы қылып сайлаған соң өңірлерді аралап жүрген жұмысын тегін атқарып жатқанын айтады.

Бұдан бұрын да хабарланғандай, алдағы жұмада өтетін сайлау алдындағы теледебатқа Тоқаевтан басқа кандидаттар түгел қатысады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.