0:00 / 0:00
Енді сайлауалды бағдарламасында халыққа үйіп-төгіп уәде беріп, кейін депутат болып алып, ұмытып кететіндер мандатымен қоштасады. Парламент пен Үкіметінің өкілеттігіне қатысты заңнамаға бірқатар өзгеріс енгізілгені мәлім. Осыған орай Парламент Мәжілісі мен мәслихаттардың аралас сайлау жүйесіне көшетін болады. Келесі жылы мерзімінен бұрын өететін Парламент сайлауынан соң сегізінші шақырылым депутаттары мүлдем жаңа жүйеде жұмыс істемек. Әділет вице-минстрі Мұқанованың айтуынша, парламентке 69 депутат партиялық тізіммен, 29 депутат мандатты аумақтық округтер бойынша сайланып келеді. Осылайша тек партиялық ғана емес, халық атынан сайланған мәжілісмендер де болады. Ал халыққа берген уәдесін орындамағандар депутаттығынан бір мезетте айырылады.
Сондықтан келесі жылғы сайлаудан үміттеніп отрыған болашақ депутаттар уәде берерде сақ болғандары жөн. Ал мәслихаттардың 50%-ы мажоритарлық жүйе және 50%-ы партиялық тізім қағидаты бойынша құрылатын болады. Партия құрып, оны тіркей алмай әділет министрлігінің табалдырығын тоздырғандарға да жеңілдік бар. Қазақстанда саяси партияларға қойылатын талап өзгерді.
Сондай-ақ, Парламент Сенатының депутаттарын, Конституциялық және жоғары сот кеңесінің төрағаларын тағайындау жөніндегі, Президенттің өкілеттігін өзгертуге қатысты нормалар да қарастырылған. Аталған өзгерістердің барлығы Президент қол қойған Конституциялық заңдармен қамтылған.