Орал қаласында жаңа жыл мерекесіне орай жеті шырша орнатылыпты. Мереке жылдағы қалыптасқан дәстүрге сәйкес тойланып өтпек. Шаһарымыздың басты шыршасы жаңа алаң мен Абай атындағы алаңда желтоқсанның 22 күні жағылады деп жоспарлануда. Балаларға арналған жаңа жылдық мерекелік кештер қала аумағы мен шаһарымызға қарасты ауылдық округтерде тойланып өтпек. Шаһар аумағында мерекені тойлау үшін 5 миллион теңге қаражат бөлінген екен.