Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

«БИЗНЕСКЕ КЕДЕРГІ КЕЛТІРЕТІН АРТЫҚ ТАЛАПТАРДЫ ТАЗАРТУ КЕРЕК»

c 16:09, 04/11/2022 c 945

0:00 / 0:00

Үкіметте бизнестің проблемалық мәселелерін шешу, сондай-ақ кәсіпкерлік субъектілеріне қойылатын негізсіз талаптарды қайта қарау және қысқарту жөніндегі кеңестің отырысы өтті. Премьер-министрдің баспасөз қызметінің хабаралуынша, қазір 44 қызметтің 26 саласында реттеуші актілерді талдау жалғасып жатыр. Ауыл шаруашылығы, құрылыс, мұнай өндіру, көлік және сауда бойынша құқықтық және заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізілмекші. Себебі, кәсіпкерлікті дамытуға заңнамада көп кедергілер бар. Үкімет басшысы Әлихан Смайылов министрлерге бизнеске қойылатын артық талаптарды жою үшін заңнамалық өзгерістерді жедел енгізуді бұйырды.

ӘЛИХАН СМАЙЫЛОВ – ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ «Тездету керек. «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы тарапынан қолдау тапқан және мақұлданған талаптар бойынша заңнаманы «тазарту» қажет. Бұл нормаларды бұйрықтар мен қаулылардан алып тастау керек. Талдау жұмысы аяқталғанша күтпеңіздер. Қажетсіз талаптар анықталды ма? Жұмысын тоқтату үшін оларды жою бойынша дереу шаралар қабылдау қажет»

Ал бизнестің 100 проблемалық мәселесіін шешу үшін бюджеттің мүмкіндіктерін ескеру қажеттігі де айтылды. Әзірге үкімет кәсіпкерлер тап болып отырған проблемалық мәселенің 21 –н ғана шешкен.

Министрлер кабинетіне жыл соңына дейін Ұлттық палатамен бірлесіп тез арада шешім қабылдауды тапсырды. Смайылов үкімет тиісті жобаларын іске қосып, жұмыс орындарын құруы және елдегі әлеуметтік-экономикалық жағдайды жақсартып, халықтың табысын арттыруы үшін оңтайлы бизнес ахуал қалыптастыруға жұмыс істеуіміз керек. Мұны барлық мемлекеттік органдар, ескеруі тиіс», — деді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.