Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ШАХТАЛАРДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК СҰРАҚ ТУДЫРАДЫ

c 17:21, 03/11/2022 c 937

0:00 / 0:00

Сенаторлар Қарағанды облысындағы «АрселорМиттал» шахтасында орын алған қайғылы жағдайдан соң, елдегі барлық өндіріс орындарында қауіпсіздік талаптарын күшейтуді ұсынды. Өздеріңізге мәлім түнде «АрселорМиттал Теміртау» компаниясына қарасты шахтада апат болып, салдарынан 5 кенші қаза тапты. Аталмыш шахтада болған қайғылы жағдайға байланысты
Үкіметтік комисися құрылды. Қылмыстық іс қозғалды. Сенат төрағасы қазіргі кезде қоғам шахталарда апатқа жол бермес үшін тиісті шешімдер қабылдауды талап етіп отырғанын айтты.

Сенатор Сергей Ершовтың мәліметінше, соңғы он жылда «АрселлорМиттал» компаниясына қарасты шахталарда 23 апат орын алып, 43 кенші зардап шегіп, 19 адам қаза тапты. Ал 200-2008 жылдарыдағы апатта 70 шахтер көз жұмған. Депутаттар шахталардағы қауіпсіздік жұмысын күшейтіп, ескірген техникалық жабдықтарын жаңартатын кез келді дейді.

Кей депутаттар шахталарда орын алып жатқан апаттардың алдын алу үшін үкіметтен ұсыныс күтіп отыр. Ал енді бірі бәрі Құдайдың қолында дейді.

Шахтадағы апаттан қайтыс болғандардың тізімін қарасаңыздар отыз бен қырықтың арасында жас азаматтар.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.