Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ҚАЙРАТТЫҢ ҰРЛАҒАНЫ ЕЛГЕ ҚАЙТАРЫЛЫП ЖАТЫР

c 17:25, 02/11/2022 c 820

0:00 / 0:00

Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Қайрат Сатыбалдыұлы мен басқа да адамдарға қатысты қылмыстық жолмен алынған ақшаны және өзге де мүлікті заңдастыру фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасуда. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің хабарлауынша Қайрат Сатыбалдыұлының шетелдегі құны 230 миллион АҚШ долларынан асатын асыл тастары мен зергерлік бұйымдары елге қайтарылды.

Осылайша агенттік заңсыз шетел асқан капиталды елге қайтару жұмыстарын жүргізіп жатырмыз деп хабарлайды. Еске сала кетейік, сот шешімімен Қайрат Сатыбалдыұлы 6 жылға бас бостандығынан айырылған болатын. Сатыбалдыұлы және оның сыбайластары «Қазақтелеком» АҚ мен «Көліктік сервис орталығы» АҚ қаражатын аса ірі көлемде ұрлау фактілері бойынша сотталды. Жемқорлықпен күрес агенттігі Қайраттың басқа да қылымстарға қатыстылығы бойынша тергеуді жалғастыруда.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.