Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ОҚУЛЫҚТЫ ПЛАНШЕТКЕ АУЫСТЫРУ ҰСЫНЫЛДЫ

c 15:36, 01/11/2022 c 1098

0:00 / 0:00

2023 жылдан бастап 1 сынып оқушылары мектепке оқулықтарын арқалап бармай, планшетпен оқуы мүмкін. Бүгін өткен үкіметтің отрысында Цифрлық даму министрі Мусин осындай ұсынысын алға тартты. Бұл оқушыларды кітап толы ауыр сөмке арқалап жүруден арылту үшін жасалып отыр. Әзірге үкіметтегілер планшеттерді қайдан сатып алатынын, оған қанша қаржы жұмсалатынын есептеп, шешкен жоқ. Бағдат Мусин отандық өндірушілерге планшет шығаруды ұсыну керек дейді.

Бұған дейін оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов «Ауыр рюкзактар» мен мектептердегі цифрландыру деңгейін арттыру мәселелері планшет қолдану арқылы шешімін табуы мүмкін деп айтқан болатын. Планшеттер цифрлық оқулық ретінде немесе үйден онлайн білім алу құралы ретінде қолдануға оң әсерін тигізеді деп сендіреді министрлер. Алайда, онсыз да смартфонға байлаулы балаларды енді мектепте планшетке байлап қою, олардың денсаулығына кері әсер етпей ме деген күмән бар.

Министр айтқандай дамыған елдерде оқушылардың оқулығын планшетке ауыстырған әдіс кеңінен қолданылын жатыр. Оның ішінде Ұлыбритания, Норвегия, Оңтүстік Корея және Түркияның мектептерінде жақсы нәтижеге әкелді. Бұл оқушылар үшін шығармашылық пәндер бойынша өз контентін жасауға мүмкіндік береді дейді бас мұғалім. Отырыс барысында мәлім болғандай, Қаржы министрлігімен бірлесіп, 1 желтоқсанға дейін планшеттерді сатып алу мәселесін пысықталмақ. Бұл ұсыныс жүзеге асып жатса келесі жылы 400 мыңнан астам бірінші сынып оқушысы сервистік модель арқылы планшеттермен қамтамасыз етілмек. Жалпы Қазақстанда 3 млн 600 мың оқушы бар.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.