0:00 / 0:00
Қырғыз Президенті Садыр Жапаров ҚазақстанДА. Қазан айының ортасында Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңеске мүше елдердің саммитіне келіп кеткен қырғыз басшысы біздің елге тағы келді. Бұл жолы Жапаров мырза Орталық Азия мемлекеттері басшыларының және Еуропалық Кеңес Президентінің кездесуіне келген. Қазақ басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев құдайы көршіні осы кездесуге арнайы шақырған.
Қырғыз басшысы Тоқаевқа алдағы кезектен тыс өтетін Президенттік сайлауда жеңіс тіледі. Ақорданың хабарлауынша, Президенттер екі ел үкіметтерінің сауда саласында бірлесе атқарып жатқан жұмыстарын талқылады. Екі ел арасындағы тауар айналымы былтырғы осы кезеңмен салыстырғанда 17,7 пайызға өскен. Тараптар екіжақты сауда-саттық көлемін 2 миллиард долларға дейін жеткізу жоспарын айтты. Сондай-ақ қазақ-қырғыз қатынастарының көлік-логистикалық, мәдени-гуманитарлық мәселелері де сөз болды.