0:00 / 0:00
Сәрсенбі сайын өтетін парламент мәжілісінің дәстүрлі жалпы отырсында күн тәртібіндегі бірінші мәселе-
депутат Айбек Паяевтың өкілеттілігін мерзіміне бұрын босату болды. Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Шавкат Өтемісов Конституцияның 52-бабына, " парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы" Заңның 24-бабына сәйкес, парламенті мәжілісінің депутаты Айбек Минаимбекұлы Паяевтің өтініш беруіне байланысты оның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы мәселені шешуді ұсынды. Әріптестері ешбір сұрақ қоймастан, Паяевтың мандатын тоқтатып тастады. Бір қызығы отырысқа Айбек Паяев өзі келіп қатысып, рақмет айтып, қоштасуды жөн санамады. Паяев не себепті жылы орнымен қоштасты? –деген сұрақты фракция жетекшісі Қоңыровқа қоюға тура келді.
АЙҚЫН ҚОҢЫРОВ – ҚР ПАРЛАМЕНТ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ «Бірнеше сұқбатында басқа көзқарастағы пікірлерін айтып жүрді. Бірақ партия мұндай пікірлерді қалыпты жағдай деп қабылдайды. Партияда пікір-таластар болып тұрады. Көпшілік дауыспен оның пікірлері өтпей жатты. Өз басым Паяевтің пікірін бөліспеймін, менің өз көзқарасым бар»
Мәлім болғандай, кейбір ақпарат көздеріне Паяев депутаттықтан ғана емес, Қазақстан Халқы партиясынан да кеткенін айтқан. Алайда, қызылдар партиясының басшылығы бұдан бейхабар болып шықты.
Әзірге Паяевтың орнына партиялық тізіммен кім келетіні белгісі. Айқын Қоңыровтың айтуынша, бұл мәселені саяси бюро шешеді. Соңғы кезде ендігі экс-депутат Айбек Паяев өз партиясының басшылығымен келіспей жататын пікірлерін де айтып жүрді. Заңды бұзған шетелдік азаматтарды бірден депортацияға жіберу керектігін мәлімдеген болатын.
Осылайша Паяевтың депутаттық мандатын тапсыруына нақты не себеп болғаны белгісіз. Ол тек отбасы жағдайына қатысты партиядан, парламенттен кеткенін мәлімдеді. Осының бәрін Айбек Паяев мырзаның өз аузынан естейік деп едік, бірақ ол сұқбат беруден бас тартты.