Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ҚҰРМЕТТЕМЕГЕН КОМПАНИЯ СЫНҒА ІЛІКТІ

c 17:54, 20/10/2022 c 1317

0:00 / 0:00

Қазақ тіліне қатысты пікір айтамын деп басы дауға қалған Choco холдингінің негізін қалаушы Рамиль Мухоряпов қазақстандықтардан кешірім сұрады. Оның мемлекеттік тілді кемсіте сөйлеген сөзі әлеуметтік желіде қызу талқыланды. Желіде тараған жиында компания басшысы ресейліктермен кездесуінде қазақ тілінде жауап беру «мәдениеттің көрінісі емес» деп айтқан еді. Бизнесмен Мухоряпов «Адам орыс тілін расымен білмесе, жарайды. Қазақ тілінде жауап беру біртүрлі әрі ұлтшылдық. Бұл – мәдениеттің көрінісі емес», – деді. Тілге қатысты пікір айтқыш Рамиль Мухоряпов Choco холдингінде туристік қызметтер, интернет дүкендер, тағам тасу қызметтер бар. Мәлім болғандай холдинг мемлекеттік тілде қызмет көрсетпейді. Осылайша қазақ жерінде кәсібін өрбітіп отырған кәсіпкер қазақ тіліне құрмет көрсетпегені үшін қазақстандықтар Choco холдингіне тиесілі қызметтерге бойкот жариялауға шақырды. Сондай-ақ, компания басшысынан кешірім сұрауды талап етті. Сенаторлардың айтуынша, қазақ тілінде тек қазақ ғана емес, өзге ұлт өкілдері де сөйлеуі керек.

Ал депутат Бақтиярұлы мемлекеттік тілді қорлағандар сот алдында жауап берсін дейді

Ендігі қоғам белсендісі Айбар Олжаев кәсіпкер Рамиль Мухоряповтың үстінен құзырлы органдарға арыз түсіргенін хабарлады. Тілге қатысты туындаған дау заң аясында шешілуі керек дейді белсенді. Ал қоғамның сынына іліккен кәсіпкер бизнесіне қауіп төнгенін сезді ме, бірден Қазақстан халқынан кешірім сұрады.

Сондай-ақ Мухоряпов қазақша үйренетінін айтып ақталды. Ал компаниясы бірден мемлекеттік тілде қызмет көрсетуге көше бастады. Әрине қазақ тіліндегі аудармасында ақау баршылық. Forbes Kazakhstan мәліметне сүйенсек, холдингтің ең ірі құрылымы Chocotravel 2018 жылы 74 миллион доллар табыс тапқан.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.