0:00 / 0:00
Үкімет мәжіліс депутаттары алдында үш жылдық республикалық бюджет жобасын қорғады. Премьер-министр Әлихан Смайылов нөкерлерін ерте келді. Министрлер бірінен соң бірі басты қаржы құжатының шығысы мен кірісін жарыса баяндады. «2023 – 2025 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасына сәйкес, шығыстар 2023 жылы 21 трлн теңгеден 2025 жылы 22,7 трлн теңгеге дейін ұлғаяды. Жалпы, 2023 жылы өңірлерге қазынадан 6,2 трлн теңге бөлінеді, бұл жалпы бюджет шығыстарының шамамен 29,4%-ын құрайды. Сондай-ақ үш жылға арналған бюджеттен келесі жылы өтетін мәжіліс пен мәслихат сайлауына, зейнетақы мен жәрдемақыны көбейтуге 219,9 млрд теңге қарастырылған. Сондай-ақ 54,3 млрд теңге ауылды және қаланы сумен жабдықтауға, инфрақұрылымға, газбен жабдықтауға, жолдар, ауруханалар салуға бөлініп отыр. Дегенмен депутаттар ауылды дамытуға қаржы бөлу мәселесі кенже қалып жатады деп сынады.
Ал үкімет басшысы депутаттардың алдында қанша қаржы үнемдеп, Ұлттық қордан ақша тартуды азайтқанын айтып ақталды.
Не керек екі сағаттық талқылаудан соң, мәжіліс депутаттары үкіметке батасын беріп, басты қаржы құжатын мақұлдап жіберді.