Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ПРЕМЬЕРДІҢ ПРЕМЬЕРАСЫ

c 18:48, 19/10/2022 c 1280

0:00 / 0:00

Қаңтар оқиғасынан кейін үкіметтті тізгіндеген премьер-министр Әлихан Смайыловқа Мәжіліс отырысынан соң сұрақ қою мүмкіндігі туды. 10 ай бойы министрлер кабинетін басқарып отырған Смайыловқа геосаяси ахуал туындап,экономикалық дағдарыс орын алып, қымбатшылық жағадан алып жатқан сәтте премьер болу оңайға түсіп жатқан жоқ. Себебі үкіметке айтылар сын көп. Тіпті әлеуметтік желіде Әлихан Смайылов отставкаға кетсін деген пікірлер де жазылды. Қаншалықты қатал басшысыз, өз жұмысын атқара алмай отырғандарды бірден жұмыстан шығарасыз ба деген сұрақтар қойылды.

Журналистер Премьер-министрге жыры бітпей қойған Астанадағы жеңіл рельсті жүйе құрылысына қатысты сұрақты да қойды. Аты-шулы ЛРТ жобасын аяғына дейін жеткізу үшін алғашқы қаржы бөлінген.

ӘЛИХАН СМАЙЫЛОВ – ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ «Қазір үкімет қаржыландыруды жалғастырып жатыр. Күзде LRT құрылысын жалғастыруға қосымша 20 миллиард теңге бөлінді. Бұл ақша игеріліп жатқандықтан, біз оны дамытудың тиімділігін қадағалап отырмыз. Жобаны аяқтау үшін кезең-кезеңімен қосымша қаражат бөлетін боламыз. Мұнымен әкімдік айналысады және ақшаны әкімдік бөледі».

Сондай-ақ, үкімет басшысының отандық білім беру жүйесі мен медицинасына қатысты пікірін білген едік. Өзі де, отбасы да елде емделеді екен. Яғни сенеді. Ал балалары Астанада мемлекеттік мектепте білім алып жатыр. Брифинг барысында тілшілер Ресейден кеткен шетелдік компанияларға қатысты да сұрақ қойды. Смайыловтың айтуныша, шетелдік 56 компания өз бизнесін Қазақстанда жалғастырады. Қазір олармен релокация орны, мерзімі мен шарттары бойынша жұмыс жүргізіп жатқан көрінеді. Компаниялардың бір бөлігі оң шешім қабылдап, кеңселерін Қазақстанға ауыстырған. Олардың арасында Honeywell, inDriver сияқты ірі халықаралық компаниялар бар. Сондай-ақ премьер-министр Қазақстанда Toyota өндірісін ашу бойынша келіссөз жалғасып жатқанын да айтты.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.