Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

СЕМЕЙ ҚАЛАСЫ ЖЫЛУСЫЗ ҚАЛУЫ МҮМКІН

c 17:42, 14/10/2022 c 994

0:00 / 0:00

350 мыңға жуық тұрғыны бар Семей қаласына биылғы қыста жылусыз қалу қауіп төніп тұр. Осылай деп дабыл қаққан сенатор Айнұр Арғынбекова үкімет басшысына депутаттық сауал жолдап, Семей қаласының мәселесін тез арада шешуді талап етті. Себебі қала жылусыз қалуы мүмкін.

АЙНҰР АРҒЫНБЕКОВА – ҚР ПАРЛАМЕНТ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ «Семей қаласын "Теплокомунэнерго" кәсіпорны жылумен қамтамасыз етіп отыр. Бірақ ол мекеменің шығыны мен қарызы көп. Көмір сатып алуға ақшасы жетпей жатыр».

Сенатордың мәліметтеріне сүйенсек, қазір кәсіпорынның қарызы 2,9 миллиард теңгені құрайды. Ал жалақы бойынша берешегі 318 миллионға жеткен. Кәсіпорын қолындағы бар ақшаны қызметкерлердің жалақысына жұмсап жатыр дейді депутат. Қаржы тапшылығынан жылу мауысымы тоқтап, халық жылусыз қалуы мүмкін. Өздеріңізге мәлім шығыс аймақтың қысы қатты. Депутат Арғынбекова Семейдің проблемасын тезарада шешу үшін үкімет резервінен 1,4 млрд теңге бөлуді сұрайды.

АЙНҰР АРҒЫНБЕКОВА – ҚР ПАРЛАМЕНТ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ «Меніңше бұл мәселені шешу үшін үкімет резервінен шұғыл түрде 1,4 миллиард теңге бөліп беру керек. Бұл Абай облысының әлеуметтік нысандарын қаржыландыруға қажет».

Ал Семей қаласының баспасөз қызметінің хабарлауынша, «Теплокоммуноэнерго» мемлекеттік кәсіпорнының қарызға белшесінен батқаны рас. Бірқа бұл мәселе алдағы уақытта шешімін табады деп сендірді жергілікті әкімдік. Семейде жылу беруге қатысты техникалық мәселе жоқ , бірақ қаржы тапшылығына қатысты проблема бар. Мәлім болғандай, Семейді жылумен қамту үшін жергілікті бюджеттен қаржы бөлініп, сондай-ақ республикалық қазынадан субсидиялау қарастырылуда.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.