0:00 / 0:00
Келісіп алғандай бүгін парламенттік үш саяси партия сайлау алдындағы съезін жарыса өткізді. Қазақстан Халық партиясының да кезектен тыс XXI съезі өтті. Қызылдар партиясын тізігіндегені көп уақыт болмаған Ермұхамет Ертісбаев қазір саяси ойын жүргізетін кез емес, керісінше бұл науқанда бірге болып, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын қолдайық деген ұсынысын алға тартты.
ЕРМҰХАМЕТ ЕРТІСБАЕВ – «ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚ ПАРТИЯСЫНЫҢ» ТӨРАҒАСЫ «Әрине, саяси партиялар билікке таласуы керек. Біз өз кандидатымызды ұсынсақ та болатын еді. Алайда қазір ішкі саяси ойындар мен талқылаулар жүргізетін кезең емес. Әлемдегі қазіргі күрделі кезеңде халық пен елдің мүддесі, мемлекеттік тұрақты дамуы бәрінен жоғары болуы тиіс. Сондықтан партия алдағы сайлауда Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын қолдайды»
Еске сала кетейік, қызылдар Тоқаевтың кандидатурасын қолдайтындарын бұған дейін де мәлімдеген болатын. Осылайша партия сөзінде тұрды. Ал келесі жылға белгіленген Парламенттік сайлауда ешбір колаицияға бірікпей, өз бетімізше түсеміз деді Ертісбаев.
ЕРМҰХАМЕТ ЕРТІСБАЕВ – ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚ ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ «Бірақ парламенттік сайлауда біз жеке түсеміз. Біздің мақсатымыз- жеңіске жету. Халық сенетін үкімет құру. Партия Тоқаевтың кандидатурасын қолдайды. Есесіне барлық жаңа партиялардың тіркеуден өтуін, алда әділ сайлау өткізуін талап етеді»
Қасым-Жомарт Тоқаев ешбір партия мүшелігінде жоқ. Ал президенттік сайлауға кез-келген ұйым атынан түсе алады. Бұл жолы Тоқаев өзін қолдаушылар көп болған соң, кандидатурасын ұсынған ұйымдардан құрылған халықтық коалиция атынан түсетін болды.