Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ДЕПУТАТ ҚАЗАҚСТАНҒА КЕЛГЕН РЕСЕЙЛІКТЕРДІ ЖІТІ БАҚЫЛАУҒА АЛУДЫ ҰСЫНДЫ

c 15:27, 05/10/2022 c 1245

0:00 / 0:00

Мәжіліс депутаты Берік Дүйсенбинов Қазақстанға келген ресейліктерді жіті бақылауға алып, қазақ тілі мен дәстүріне үйретуді ұсынды. Бұл жайында ақжолдық депутат Үкімет басшысына жолдаған сауалында айтты. Оның мәліметінше, Ресейде ішінара мобилизация басталғалы көршіден біздің елді паналап келгендердің саны 200 мың адамды құрады. Оның 148 мыңы транзитпен елімізден шықты. Ал еңбек министрлігінің сатистикасына сәйкес, жалпы бүгінде Қазақстанда 350 мың ресей азаматы тұрып жатыр.

Сондай-ақ ақжолдықтар көшіп келіп жатқандардың ішінде Қазақстанда қалуға ниет білдірген азаматтар үшін бейімдеу орталықтарын ашу қажет дейді. Оларды Қазақстан тарихымен, мәдениеті мен тұрмыс-салтымен, салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпымен таныстырып, Қазақстан заңдарын түсіндіріп, құқықтық кеңес беру керек. Біздің елде тұрғысы келетіндер қазақ тілін үйренуі тиіс. Бұдан бөлек, әрбір қоныс аударушының қос азаматтығын тексеру керек дейді депутат. Үкіметтен арандатушылыққа жол бермеу үшін ресейліктердің әлеуметтік желідегі іс-әрекеттерін де бақылауда ұстауды сұрады.

Ресейліктердің келу легін тоқтату үшін шекараны жабу туралы ұсыныстар да болғанды. «Ақ жол» партиясы фракциясының депутаттары бұл екі ел арасындағы халықаралық келісімдері кедергі. Сонымен қатар Қазақстан қолына қару ұстаудан бас тартқан ресейліктерді қабылдай отырып, соғысқа қатысушылардың санын азайтып, бейбітшілік үшін үлес қосты деп есептейміз, - дейді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.