Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

МЕКТЕПТЕРДІҢ 40 ПАЙЫЗЫ ҒАНА ДАБЫЛ НҮКТЕСІМЕН ҚАМТЫЛҒАН

c 10:20, 04/10/2022 c 1052

0:00 / 0:00

Еліміздегі мектептердің 40 пайызы ғана дабыл нүктесімен қамтылған. Бұл жайында Ішкі істер министрлігінің өкілі Әділ Сәрсенов айтты. Оқу ағарту министрлігі мен ІІМ мектеп қауіпсіздігіне басымдық жасауды қолға алып жатыр. Бүгінде білім ордаларының бәрі бірдей бейнебақылау және дабылқаққыш қондырғысымен қамтылған деп айту қиын. Тәртіп сақшылары жүргізген тексерістер нәтижесінде бірқатар кемшіліктер де анықталуда. Соның бірі мектептердің алпыс пайызы дабыл нүктесімен қамтылмаған. Көбінде турникеттер жоқ.

ӘДІЛ СӘРСЕНОВ – ҚР ІІМ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАС МАМАНЫ «Келеңсіз жағдай орын алған кезде полиция дабыл нүктесіне бірден әрекет етеміз. Бүгінде еліміздегі мектептердің тек 40 пайызында ғана дабыл нүктесі қойылған.»

Бұған дейін мектептер жүз пайыз бейнебақылаумен қамтылған деген ақпарат шыққанды. Алайда, оның жартысынан көбі бекітілген стандарттарға сай болмай шықты. Бейнеқабылау камералары жұмыс істемей тұрған білім ордалары бар. Ал мектептердегі күзет қызметі мүлдем бөлек әңгіме. Кез-келген мектепте мамандандырылған күзетті кездестіру мүмкін емес. Зейнеткерлік жасына жеткен апайлар мен ағайларды ғана көзің шалады. Қазандағы және жақында орын алған Ижевск мектебіндегі қайғылы жағдайлардан соң, Қазақстандық мектептерде қауіпсіздік мәселесіне аса назар аудару қолға алынуда. Еске сала кетейік, Ресейдің Ижевск мектебінде белгісіз біреу атыс бастап. Соның салдарынан қаза тапқандар саны 17 адамға жетті. Қылмыскердің қолынан екі күзетші, үш ұстаз бен 11 оқушы қаза тапты. 24 адам жарақат алды, оның ішінде 22 бала, жарақат алған үш баланың жағдайы ауыр. Удмуртия басшылығының мәліметінше, оқ жаудырған адам осы мектептің түлегі, 34 жастағы Артем Казанцев.Ол өз-өзіне қол жұмсады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.