Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ЖСДП ПРЕЗИДЕНТТІК САЙЛАУҒА АЛҒАШҚЫ РЕТ ҚАТЫСАДЫ

c 16:54, 03/10/2022 c 1255

0:00 / 0:00

Сайлау науқаны қыза бастады. Ауылдықтар соң екінші болып Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы Президент сайлауына кандидатын ұсынды. ЖСДП кезектен тыс президент сайлауына Нұрлан Әуесбаев қатысатын болды. Бұл жайында партияның ХIХ cъезінде мәлім болды. Ең алдымен съезге жиналған делегаттарға ЖСДП атынан бір емес, 5 кандидат ұсынылды. Оның ішінде экс-сенатор, қоғам белсендісі «Алаш Орда» партиясын құруды ұсынып жүрген Уалихан Қайсар, оппозициялық көзқарасы бар азаматтық белсенді, «Алға Қазақстан» партиясын құруды көздеген Жасарал Қуанышалин және Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының мүшелері экс-депутат Оразалы Сәбден, Мұстақим Төлеев пен Нұрлан Әуесбаевтардың кандидатурасы съезде майшаммен қаралды. Делегаттар бірден партия мүшелігіне кірмейтін азаматтардың кандидатурасын қарастырмаймыз деген ойларын жарыса айтты.

Осылайша көпшілік дауыспен Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының атынан кезектен тыс президент сайлауына Нұрлан Әуесбаев қатысады деп шешілді. Әуесбаев 1957 жылы 17 мамырда қазіргі Түркістан облысында туған. Айта кетейік, бұл кандидаттың туған күні қазіргі президентпен бір күнде екен. Ол ЖСДП-ның Астана филиалының жетекшісі. Бұған дейін көпшілік көзіне түспеген тұлға. Мамандығы экономист, ұзақ жылдар бойы әкімдіктер мен министрліктерде түрлі лауазымды атқарған. Дегенмен, өзін осы додада Қасым-Жомарт Тоқаевпен бәсекеге түсе алатын тұлғамын деп санайды.

Айта кету керек, құрылғанына 16 жыл болған ЖСДП-сы өз тарихында алғаш рет президент сайлауына үміткер ұсынып отыр. Еске сала кетейік, кезектен тыс президент сайлауы 20 қарашада өтеді. Бүгін сайлауға қатысатын тағы бір кандидаттың есімі мәлім болды. "Аманат" кәсіподақтар достастығының атынан Мейрам Қажыкен есімді үміткер түсетін болды. 61 жастағы Мейрам Қажыкен Павлодар облысының тумасы. Экономикалық ғылымдар докторы. Қазіргі қоғам зерттеулері институтының директоры, Yntymaq партиясын құру жөніндегі бастамашыл топтың лидері болып табылады. 2000 жылдардың басында Павлодар облысы экономика департаментінің бастығы, 2003-2004 жылдары ҚР Премьер-Министрінің кеңсесінде Үкімет басшысының кеңесшісі болған.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.