0:00 / 0:00
«Қазақстан халықтарының тілдері күні» мерекесі аясында «Қазақша үйрен» ашық сабағы өтті. Көп жылдан бері мемлекеттік тілді дамытуға қазынадан қыруар қаржы бөлініп келеді. Алайда, қазақ тілінің аясы тар. Мемлекеттік тіл мәселесі күн тәртібінен түспей отыр. Ресми жиындарың өзі толыққанды мемлекеттік тілде өтпейді. Қазақша сөйлетін шенеунік көрсек қуанатын жағдайға жеттік. Тіл мамандарының айтуынша, қазақтардың ішінде ана тілінде оқып, жаза алмайтындар баршылық. Бұл мәселеге мемлекет басымдық бермей жағдай түзелмейтін сияқты. Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының мамандары тіл үйренудің жеңілдетілген түрін ұсынады. Смартфонға арналған түрлі қосымшалар арқылы қазақ тілін үйренетін әдістерін ұсынды. Ал қаза тілінің аясын кеңейту үшін екі жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан «Қазақша үйрен» оқу орталығының жетекшілері қазақша үйреніп жүргендерге шеберлік сабағын өткізді. Бұл орталыққа бес жастағы баладан бастап егде жасқа келген ересектер келіп тіл үйреніп жатыр. Тіпті шетел қазақтары да қызығушылық танытып отыр.