Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ЕВРООДАҚ ОРТАЛЫҚ АЗИЯҒА 15 МЛН. ЕВРО БӨЛДІ

c 18:37, 19/09/2022 c 1974

0:00 / 0:00

Астанада өз ісін енді бастап жатқан экспорттаушыларға арналған оқыту курсы өтті. Кәсіпкерлер Қазақстаннан Еуропаға тауар экспорттаудың қыр-сырымен танысып, сыртқа тасымалданатын тауар бизнесін жүргізу жолдарын оқып, білді. Еуро Одақпен қаржыландырылып отырған Ready4Trade бұл саладағы ең ірі жобалардың бірі болып табылады. Еуро Одақ Орталық Азия елдеріне 15 млн еуро бөліп, экспорттаушыларды үйретуге бел буған. Бұл Орталық Азия нарығын Еуропаға шығару үшін қажет дейді жоба авторлары.

ЮРИС КАСКЕВИЧ -ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЕВРООДАҚ ӨКІЛДІГІ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ МЕНЕДЖЕРІ «Біз Орталық Азияға үлкен қызығушылық танытып отырмыз. Бұл біздің басымдық жасап отырған аймағымыз. Орталық Азия елдері әлемдік деңгейде Еуропа елдеріне тауарын экспорттаса деген ниет бар. Елдер арасында тауар айналымы дамуы керек. Бұл сауда қауіпсіздігін қамту үшін де қажет».

Ал сарапшылардың айтуынша, Қазақстанда әлі күнге дейін мұнай шикізатына басымдық жасалып отыр. Мұнайға тәуелділіктен арыла алмай, өз тауарын өндіру саласы ақсап тұр. Қара алтынның бағасы жоғары болып тұрғандықтан, жергілікті экономика өзін жақсы сезінуде. Алайда, бұл мәңгілік емес ғой. Қазынаға түсіп жатқан түсімнің жартысы мұнай-газ компанияларының салығы есебінен болып отыр. Осылайша мұнай шикізатына тәуелділіктен арылмай, қысылып бара жатсақ Ұлттық қорға қол сұғу әдетінен арылуымыз керек дейді тәуелсіз экономистер. Ал қазақстандық кәсіпкерлерді өз өнімін экспорттауға үйретіп жатқандар миллиондаған қаржыны аямай құюда.

Осылайша елімізде дүркіреп тұрған өндіріс жоқ болса да, оны сыртқа тасу жолын оқып қалып жатырмыз. Дүкен сөрелерін импортпен келген тауар түрлері толықтырып тұр. Тұрмыстық техникадан бастап, қарапайым су сабынның өзін сырттан тасимыз. Өкінішке орай тамақ түрлері бойныша да импортқа тәуелділік бар.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.