Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ҰЛТТЫҚ ҚОР-БАЛАЛАРҒА

c 09:15, 13/09/2022 c 1650

0:00 / 0:00

Жолдауда көрініс тапқан «Ұлттық қор-балаларға» бағдарламасы 2024 жылы іске қосылады.
Қазақстандық балалардың шотына жыл сайын Ұлттық қордың инвестициялық табысының 50 пайызы аударылатын болады. Алайда есеп шотындағы қаражатты бала 18-ге келгенде ғана пайдалана алады. Жиналған қаражатты үй немесе білім алуға жұмсайтын болады. Ал экономистердің есептеуінше бала шотына түсетін қаражат көлемі 18 жылда 3 мың долларды ғана құрамақ. Егер Ұлттық қордың кірісі артатын болса, бала шотына түсен қаржы да көбейеді дейді мамандар. Қазіргі күні қордың инвестициялық табысының 50 пайызы екі миллиард долларды құрайды. Әрине бұл қомақты қаржы. Бірақ еліміздегі 7 миллион балаға бөлгенде сома айтарлықтай көп емес дейді қазақстандықтар.

Мұндай тәжірибе әлемнің дамыған елдерінде бар. Мысалы, Біріккен Араб Әмірліктерінде мұнай мен газдан түсетін кірістерден мемлекет жаңа туған нәрестеге депозиттік шот ашады. Әр баланың шотында 18 жасқа толғанға дейін шамамен 100 мың доллар жиналады. Кувейтте дүниеге келген әрбір нәрестенің атына автоматты түрде банктен шот ашып, мемлекет тарапынан 3 мың АҚШ доллары салынады.Ол сома әрі қарай жыл сайын өсіп отырады. Ал Ирландияда әр бала үшін 2 500 доллар төлейді. Сингапурда да әрбір сәбиге дүниеге келген сәтте банктен шот ашылып, мемлекет 2 мың АҚШ долларын салады. Австралия елінде жаңа туған нәрестеге 4 мың австралиялық доллар сыйақы беріледі. Бұл дегеніміз 3 мың АҚШ доллары.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.