Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

«БЮДЖЕТТЕ БАҒАНЫ ТҰРАҚТАНДЫРУ ШЫҒЫСЫ ҚАРАСТЫРЫЛМАҒАН»

c 18:48, 09/09/2022 c 2424

0:00 / 0:00

«2023 – 2025 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасында нақты экономиканың шығыстары қарастырылмаған дейді мәжіліс депутаттары. Аталған жобаның тұсау кесерінде депутаттар қазынаның кірісі мен шығысын майшаммен қарады. 2023 жылы республикалық бюджет кірісі 13,9 трлн теңгені құрайды. Ал шығысы 21 трлн астам. Денгенмен бұл шығыстардың ішінде азық-түлік бағасын тұрақтандыру мәселесі қамтылмаған. Қазір халық қымбатшылықтан қиналып отыр. Тапқан табысы қант-шайынан аспай қалды.

Қаржы вице министрі бағаны тұрақтандыруға қажетті қосымша қаржы қарастырылып жатыр деп сендірді.

ТАТЬЯНА САВЕЛЬЕВА – ҚР ҚАРЖЫ ВИЦЕ-МИНИСТРІ «Иә, бағаны тұрақтандыруға қатысты тікелей қаржы қарастырылмаған. Сауда министрлігінің шығыстары аясында қазір жаңа ақпараттық жүйе талқыланып жатыр. Тауарды бөліп беру жүйесі қайта қаралады.

Осы мәселе дайын болған соң, ақша қарастырылады».
Еске сала кетейік, Премьер-Министрдің орынбасары-Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин қантпен қарық қыламыз деген еді. Қант тапшылығын жою үшін бюджеттен 25 млрд теңге, өндірушілерден 25 млрд теңге бөлінетінін айтты. Осылайша Үкімет елдегі зауыттарға 3 айдың шикізатын сатып алуға ақша береді. Өндірушілер қант шикізатымен толық қамтылып, тапшылық жойылады. Сондай-ақ депутаттар төтенше жағдайлар саласына бөлінген қаржының қысқарғанын айтып, сынады. Алдағы үш жылдық бюджетте ТЖМ шығындары да екі есеге яғни жылына 200 млрд теңгеден 120 млрд қысқарған. Алайда бұл саланың материалдық-техникалық жағдайы көңіл қоншытпайды. Бұған Қостанайда орын алған өртте көз жеткен еді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.