Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ЫҚПАЛДЫ ПАРЛАМЕНТ ҚҰРА АЛАМЫЗ БА?

c 10:09, 09/09/2022 c 2190

0:00 / 0:00

Елімізде енгізіліп жатқан сасяи реформаның бірі - күшті Президент, ықпалды Парламент, есеп беретін Үкімет құру. Алайда, әділет министрлігі әзірлеп әкелген кейбір Конституциялық заңдарға өзгеріс енгізу туралы заң жобасында бұл қағидат қамтылмаған дейді депутат Перуашев. «Парламент және депутаттардың мәртебесі туралы» Заңға сәйкес шығыстарға қатысты депутаттардың бірде-бір заң жобасы не бастамасы Үкімет келісімінсіз қабылданбайды. Бұл дегеніміз Қазақстанда Ықпалды Парламент құруға кедергі болып табылады.

АЗАТ ПЕРУАШЕВ – ҚР ПАРЛАМЕНТ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ «Әділ сайлау өткеннен не пайда. Парламент үкіметке, маслихат әкімдікке тәуелді болып отырғанда. Депутаттардың кез келген маңызды ұсыныстары автоматты түрде қорытынды шығару үшін үкіметке жолданады. Ал егер жауап теріс болса, онда ары қарай дауласу бекер. Үкімет депутаттың қаржы талап ететін ұсынысын өткізбейді. Парламент жұмысына деген үкіметтік цензура туралы айтып отырмыз».

Алайда, заң жобасын ұсынып отрыған Әділет министрі депутаттың бұл пікірімен келіспейді.

Мәжілісмен бүгінгі парламент тек жоғарыдан ұсынылған Үкімет құрамын ғана талқылайды, өз кандидатураларын ұсынуға құқығы жоқ дейді. Үкімет емес, Парламент үкіметтің алдында есеп беріп отырғандай деп аушланды депутат.

АЗАТ ПЕРУАШЕВ – ҚР ПАРЛАМЕНТ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ «Бүгінгі жүйеде Үкімет емес, Парламент үкіметтің алдында есеп беріп отыр. Егер үкімет құрамы сайланған партия мүшелерінен құралған болса түсінер едім. Бірақ олай емес ғой. Парадокс: халық сайлаған Парламент тек сөз сөйлеуге құқылы. Ал нақты биліктің барлығы халық сайламаған атқарушы органдарда».

Парламенттегі Ақжол партиясының фракциясы заң жобасын әзірлеуші ықпалды парламент қағидатын енгізуге мүдделі болмай отыр, парламенттің өкілеттілігін кеңейтетін өзгеріс жоқ деп сынады. Ақжолдықтар Жаңа қазақстанда үкімет құрамында тек билік партиясы ғана емес, өзге де партиялардың өкілдері отыруы тисі дейді. Тек сонда ғана тепе-теңдік орын алады.

АЗАТ ПЕРУАШЕВ – ҚР ПАРЛАМЕНТ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ «Демократиялық қоғамда кез-келген билік партиясы ерте ме, кеш пе жеңіледі. Билікті береді. Бұл аксиома. Сондықтан Парламенттік азшылық партияларына Үкіметке өздерінің кадрлық резервін дайындауға мүмкіндік беру керек »

Констиуциялық заңдарға өзгеріс енгізу жобасы бірінші оқылымда мақұлданды. Депутаттардың жоғарыда айтқан сыни пікірлері мен ұсыныстары екінші оқылымға дейін назарға алынар деген үміт бар.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.