Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ КҮНІ ТОЙЛАНБАЙДЫ

c 19:03, 07/09/2022 c 1492

0:00 / 0:00

Енді қазақстандықтар 1 желтоқсанда демалып, той тойламайды. Себебі Парламент Мәжілісі Тұңғыш Президент күнін мемлекеттік мерекелер қатарынан алып тастау туралы өзгерісті енгізді. Осылайша төменгі палата мереке күндеріне қатысты заң жобасын мақұлдап, сенатқа жолдады. Бұл Мәжілістің әлеуметтік –мәдени даму комитетінің депутаттық құрамының ұсынысы болатын.

Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың 30 жылдағы еңбегін насихаттап, экс- президент туралы қилы фильмдер көрсетіліп, жалпыхалықтық мерекелік шараға айналған күнді қазақстандықтар 10 жыл бойы тойлап келген еді. Енді бұл күн Мемлекеттік рәміздер күні, Алғыс айту күні сияқты мемлекеттік емес мерекелер қатарында қалып отыр.

Осылайша, экс-президент Назарбаев елбасы статусынан, қауіпсіздік кеңесті басқарудан айырылды, билік партиясынан да кетті. Енді оның меншікті мерекесі -Тұңғыш Президент күні де өз салмағын жоғалтады. Еске сала кетейік, есесіне қазақстандықтар биыл тарих еншісінде қалған 25 қазан Республика күнін қайта атап өтетін болды. Мемлекет басшысының Ұлттық құрылтайдағы тапсырмасына сәйкес, Мерекелер туралы заңға осы өзгеріс те енгізіліп, 25 қазанды Ұлттық мереке – Республика күні ретінде айқындап, 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні мемлекеттік мереке ретінде белгіленетін болды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.