0:00 / 0:00
Күз айлары сайлау науқанымен қызбақ. Өздеріңізге мәлім, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауда осы күзде мерзімінен бұрын Президенттік сайлау өтетінін мәлімдегенді. Сондай-ақ, Тоқаев осы сайлауға түсіп, бақ сынамақ. Мемлекет басшысы Қазақстанда Президентті бір мезгілге 7 жылға сайлауды ұсынғанды. Қоғамды алаңдатып отырғаны Қасым-Жомарт Тоқаев қолданыстағы заң бойынша Президенттіке 5 жылға сайлануға түсе ме, әлде жаңа өзгеріспен 7 жылға түсе ме? Сарапшылардың пікірінше, егер Тоқаев 5 жылға түссе, кейін тағы жеті жылға сайланамын деп кандидатурасын ұсынуы мүмкін. Ал бұған дейін Тоқаев ел басшылығына екі мерзімнен артық түспеймін деген болатын. Бұл орайда Мәжіліс спикері алда сайланған президенттің бес жылдан кейін тағы 7 жылға сайлануына шектеу қою керек дейді.
Ал сайлауға аманаттықтар өз үміткерін ұсына ма деген сұрақ туындады. Партия серкесі қазіргі президенттің кандидатурасын қолдаймыз деп отыр.
Кезінде Amanat партиясы "біз президенттің қоғамдық тірегіміз" деп жариялаған еді. Сондықтан партия әрқашан президентті қолдаймыз, деді мәжіліс төрағасы. Әзірге халық күтіп отырған саяси доданың қашан өтетіні белгісіз. Себебі Президенттің тиісті жарлығы шыққан жоқ. Ал Парламент жарлық шығып, сайлау күні белгілі болысымен, Президенттік сайлау туралы заңнамаға бір мезгілге 7 жылға сайлау нормасын тез арада енгізіп, жедел қабылдайтын сияқты.