Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

БАЛАЛАР ҚОРЫНА ҚАРЖЫ ҚАШАН ҚҰЙЫЛАДЫ?

c 09:25, 07/09/2022 c 1499

0:00 / 0:00

Үкімет Мемлекет басшысының Қазақстан Халқының Жолдауын іске асырудың іс-шаралар жоспарын бекітті. Жолдауда әлеуметтік салаға басымдық берілді. Соның бірі- «Ұлттық қор балаларға» бағдарламасын жүзеге асыру міндеті тұр. Президент Ұлттық қордың жыл сайынғы инвестициялық кірісінің 50 пайызын балалардың жеке шотына аударуды ұсынған болатын. Еліміздің бас экономисі Әлібек Қуантыров 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап балалардың арнайы жинақтаушы шоттарына Ұлттық қордың жыл сайынғы инвестициялық кірісі түсіп бастайды деп отыр. Осылайша қазақстандық балалар арнайы шотында жиналған қаржыны 18 жасқа келгенде ғана тұрғын үй сатып алуға және білім алуға пайдалана алады. Бала туғаннан 18 жасқа толғанша оның есеп-шотына 3 мың доллар көлемінде қаржы жиналады деген есептеулер де бар. Министр бұл көрсеткіш қосымша есептеліп жатыр дейді. Ал бала шотына Ұлттық қордан түсетін қаражат АҚШ долларында сақталмақ.

Бұл жүйе 2024 жылдан іске қосылады. Осы кезде аталған жүйеде бала 18 жасқа толғанша бір немесе екі жыл ғана болуы мүмкін. Бұл тұрғыда есепшотқа аударылатын қаражат сомасы да аз болады, - дейді министр. Ал Ұлттық қордық инвестициялық кірісі соңғы 10 жылда айтарлықтай өспеген.

Жолдауда айтылғандай 2023 жылдан бастап бала күтімі бойынша төлемдер тағайындау кезеңі 1,5 жасқа дейін ұлғайтылады. Сондай-ақ, әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылар үшін жұмысынан айырылған кездегі әлеуметтік төлемдердің мөлшері орташа айлық табысының 45 пайызына дейін өседі.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.