Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ӨРТ СӨНДІРУШІЛЕР МАРАПАТТАЛАДЫ

c 11:03, 06/09/2022 c 1845

0:00 / 0:00

Қазақ елінің басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қостанай облысына ат басын тіреді. Президент ең алдымен өрттен зардап шеккен Әулиекөл ауданындағы аумақты тікұшақпен аралап шықты деп хабарлайды Ақорда. Өкінішке орай өңірді жалмаған өрттің беті қайта қойған жоқ. Соңғы ақпаратқа сәйкес, өрт сөндіру орман аймағында 5 учаскеде яғни Аманқарағай, Лесное, Озерное, Бағаналы және Калинино ауылдары аумағында жүргізіліп жатыр. Қостанайдағы жағдайды бақылауға барған Мемлекет басшысы сапар барысында Әулиекөл ауданындағы өрт сөндіру жұмыстарымен танысты. Қазір еліміздің өзге де облыстарында өрт ошақтары шығып жатыр.

Президент құзырлы органдарда өртпен күресте нақты алгоритм жоқ екенін айтып сынады.

Тоқаев шұғыл әрекет ету штабы отырысынан кейін орман өртінен зардап шеккен Аманқарағай ауылының аумағын аралады. Әулиекөл ауылындағы мектепті паналап жатқан халықпен кездесті. Президент Үкімет қиын жағдайды еңсеру үшін барлық шараларды қабылдайтынын, баспанасыз қалғандарға екі, екі жарым айда жаңа үйлер салынатынын айтты. Сондай-ақ ел басшысы Төтенше жағдайлар, Ішкі істер және Қорғаныс министрліктерінің өрт сөндіру бөлімшелерінің жеке құрамымен кездесіп, қиын жағдайда көмек қолын созуға дайын тұратын еріктілерге де алғысын білдірді. Қасым-Жомарт Тоқаев төтеншеліктердің әлеуметтік, материалдық жағдайын жақсарту, тұрғын үймен қамтамасыз ету және кадрлар дайындау үшін жағдай жасау жөнінде шаралар қабылданатынын айтты. Ал ел басын күн туған шақта алапат өртті жоюға атсалысқан барлық азаматтың жасаған ерлігі үшін алғыс білдіріп, олар наградалар мен сыйлықтарға ұсынылатын болады деді. Дәл қазір өршіп тұрған жалынды ауыздықтауда аянбай жұмыс істеуге тура келеді. Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, өртті сөндіруге 224 бірлік техника, 7 әуе кемесі, 5 өрт сөндіру пойызы, жеке құрамнан 2193 адам күштер мен құралдар жұмылдырылды. 4 қыркүйекте өрт аумағы 43 мың гектардан асты, ал орман шаруашылығының жалпы ауданы 107 мың гектардан асады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.