Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ЖҰМЫСШЫЛАР БАС КӨТЕРДІ

c 19:47, 31/08/2022 c 1184

0:00 / 0:00

Елордада «Астана -Тазалық» кәсіпорнының 300-ге жуық жұмысшысы наразылық шеруіне шықты. Қаланың тазалығына жауап беретін компания қызметкерлері жалақылыран көтеріп, жұмыс көлемін көбейтуді және өз уәдесін орындай алмаған кәсіпорын басшысының орынбасары Бебколат Мұхаметжановты қызметінен кетіруді талап етті. Толығырақ тілші репортажынан.

Бұл елорданың тазалығына жауап беретін «Астана -Тазалық» кәсіпорнының жұмысшылары. Қыстың суығында күні-түні тыным таппай қар тазаласа, жаз айларында олардың жұмыс көлемі азайып қалады. Себебі, қалада осындай үш кәсіпорын бар. Жалпы Нұр-Сұлтан шаһары бойынша 1800 адам тазалықта қызмет етеді. Қымбатшылық қысып жатқан уақытта жалақылары 100 мыңнан сәл асатын жұмысшылар айлықтарын көтеруді, 13 жалақыны беруді, сыйақы төлеуді, жұмыс көлемін көбейтуді талап етіп отыр.

Дәл қазір олардың басым көпшілігі ақысыз демалысқа кетіп, табыссыз қалды. Жұмысшылардың айтуынша осы наразылық шеруіне жиналған 300-ге жуық адамның 20-30 ғана жұмыс істеп жатыр. Кәсіпорын басшылығы наразы топтың талабын орындауға тырысамыз деп бәйек болды. Мәлім болғандай басшылық пен қара жұмыста жүргендердің айлығы жер мен көктей.

Жұмысшылар шеруін естіп келген қала әкімнің орынбасары кәсіпорын басшылығындағы әлеуметтік теңсіздік мәселесін майшаммен қарайтынын айтты.

Ал жұмысшылардың жалақысын қараша айынан бастап көтереміз деген таудай уәдесін беріп кетті.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.