Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ҚЫМБАТШЫЛЫҚ ҚЫСТЫ

c 17:58, 27/08/2022 c 1497

0:00 / 0:00

Сауда орталықтарына барып, бағаны көрген сауда министрі Серік Жұманғарин жағасын ұстап қайтқан екен. Үкімет отырысынан соң тілшілерге берген сұхбатында министр азық-түлік бағасының тым өскенін мойындады. Ал бүгін Нұр-Сұлтанда Түркістан облысының жәрмеңкесі өтіп жатыр. Алайда оңтүстіктен келген жеміс-жидек, көкөніс бағасының елорда базарлары мен сауда орындарынан түк айырмашылығы жоқ болып шықты.Өңірлер жәрмеңкесінде азық-түлікке баға арзан емес деп налыды елордалықтар.

Жылдағы дәстүр бойынша күз жақындағанда елордада апта сайын өңірлер жәрмеңкесі өтеді. Бұл жолы Түркістан облысының ауыл шаруашылық өнімдері ұсынылды. Жәрмеңке азық-түлік қауіпсіздігін қамту үшін жасалып отырғаны мәлім. Өз өнімін сатушыларға жәрмеңкеде тегін орын беріледі. Соның есебінен азық-түлікке баға төмен болады. Алайда, оңтүстіктің жәрмеңкесіне келушілер өздері күткендей арзан баға көріп тұрған жоқпыз деп налыды. Ет өнімдеріне баға сәл арзандау болғанымен, жеміс пен көкөніс бағасының елорда базарлары мен сауда орындарынан еш айырмашылы жоқ дейді астаналықтар. Ал тапшы болған қанттың өзін бір кісіге 4 келіден ғана сатып жатыр.

Бүгін өткен үкімет отырсында әлеуметтік азық-түлік бағасын бақылау, қант тапшлығын болдырмау шаралары талқыланды. Сауда министрлігін енді ғана тізгіндеген Серік Жұманғарин сауда орындарына барып, күйіп тұрған бағаны көріп жағасын ұстап шығыпты. Онда 5 келі қант 5,5 мың теңгеге сатылып жатыр дейді ол.

Отырыс барысында премьер-министр сауда және ауыл шаруашылық министрлеріне азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және нарықты отандық өнімдермен толықтыруды. Қант тапшылығынан шығу жолдарын шешуді жіті тапсырды. Смайылов та қант тапшылығы мен оның қымбаттауына қатысты халықтың наразылығын көріп отыр екен.

Қант проблемасын шешу үшін қант зауыттарын отандық шикізатпен қамтамасыз ету, егіс алқаптарын 3 есеге арттыру, алдағы 5 жылда отандық шикізаттан қант өндіру көлемін жыл сайын 250 мың тоннаға дейін жеткізу жұмысы тұр. Ауыл шаруашылығы министрлігі Павлодар облысында жаңа қант зауытын салуды жоспарлап отырғанын айтты. Ал қазір елімізде 4 қант зауыты бар. Бірақ олардың қуаты елді қантпен толық қамтуға жетпей жатыр.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.