0:00 / 0:00
Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің отставкаға өтініш білдіруін өте дұрыс шешім деп бағалады. Бұл жайында ол үкіметтің отырсынан соң тілшілерге берген сұхбатында айтты. Еске сала кетейік кеше әкім Өмірзақ Шөкеев қол астындағы қызметкерінің істі болуына қатысты жылы орнынан босатуға өтініш білдірген. Кентау қаласының бұрынғы әкімі Дәурен Мақажановқа қатысты сот үкімі заңды күшіне енгенді. Биыл шілде айында экс-шенеунік Алматыда сотталған болатын. Ол аса ірі көлемде пара алғаны үшін кінәлі деп танылып, 10 жылға бас бостандығынан айырылған болатын.
«Мемлекеттік қызмет туралы» заңнамаға сәйкес, қол астындағы қызметкері жемқорлыққа белшеден батқан болып, сотпен дәлелденіп жатса бірінші басшы отставкаға кетеді. Осы заң талабына сай Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Кентау қаласының бұрынғы әкімі Дәурен Мақажановқа қатысты сот үкімі заңды күшіне енуіне байланысты отставкаға өтініш білдірді. Еске сала кетейік ағымдағы жылдың шілде айында экс-шенеунік Алматыда сотталған болатын. Ол аса ірі көлемде пара алғаны үшін кінәлі деп танылып, 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Сотта анықталғандай, айыпталушы өзінің лауазымын асыра пайдаланып, компания директорын қамқорлық жасағаны үшін 50 млн теңге көлемінде ақша беруге мәжбүр еткен. Сонымен қатар заңсыз сыйақы алу үшін таныстарын тартқан, олар ақшаны алып жатқан жерінен ұсталған болатын Әкім Шөкеевтің отставкаға өтініш білдіруіне қатысты шешімін Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр құптап отыр.
РОМАН СКЛЯР – ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРДІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ «Оны маңызды саяси тұлға деп айтуға болады. Мемлекеттік қызмет туралы заңда қарамағындағы қызметкердің кінәсі дәлелденген жағдайда тікелей басшысы отставкаға кетеді. Ол өтінішті жоғары тұрған басшы қабылдайды немесе кері қайтарады. Сондықтан Өмірзақ Шөкеевтің әрекеті өте қисынды және дұрыс»
58 жастағы әкім Өмірзақ Шөкеев бірқатар облысты басқарды, министр лауазымын, тіпті вице-премьерлікті де атқарды. «Самұрық-Қазына» қорын басқарғаны да есімізде. Әрине оның зейнеткерлікке шығуына әлі ерте, дегенмен жылы орнынан кетуге қол астындағы қызметкерінің әрекеті себеп болып отыр. Ал Шөкеевтің бұл отставкасын Президент қабылдай ма, қабылдамай ма оны жақын уақытта біле аламыз.