Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ЕАЭО ТИІМДІ БЕ?

c 19:08, 26/08/2022 c 1138

0:00 / 0:00

Еуразиялық Экономикалық Одақ Қазақтанға тиімді ме? Бұл сұрақ қоғамда жиі көтеріліп жатыр. Еліміздің Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Қырғыз Республикасында өткен Еуразиялық үкіметаралық кеңестің кеңейтілген құрамдағы отырысына қатысты. Айтулы шараға Одаққа мүше елдердің үкімет басшылары қатысып, қарым-қатынас мәселелерін талқылады деп хабарлайды үкіметтің баспасөз қызметі

Қазақ үкіметінің басшысы Әлихан Смайылов ЕАЭО елдерінің бірінші жартыжылдықта өзара сауда көлемі ұлғайғанын айтты. Қазақстанның одақтас елдермен тауар айналымы 4,8% өсіп, 12,6 миллиард долларды құрады. Дегенмен Смайылов одан әрі даму үшін бірқатар маңызды мәселелерді шешуге баса назар аудару қажеттігін атап өтті. Әлихан Смайыловтың пікірінше, кедергісіз орта құру қажет.

ӘЛИХАН СМАЙЫЛОВ – ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ «Бірыңғай сыртқы сауда айналымын құрғанда ішкі өндірушілерді қорғаймыз деп келістік. Алайда өзара саудада шектеулер енгізілген кезде басқа мемлекеттердің белгілі бір деңгейде Еуразиялық экономикалық одақ тауарларымен қамтамасыз етілуі, сондай-ақ үшінші елдерден жеткізілімдерді жеңілдету үшін жағдайлар жасалуы тиіс. Комиссия осы мәселені жіті зерттеуі керек».

Премьер-Министр Смайылов жиын барысында қазіргі уақытта Одақ елдері бағаның, әсіресе азық-түлік тауарлары бағасының айтарлықтай өсу проблемасымен бетпе-бет келіп отырғанын да атап өтті. 6 ай ішінде Одаққа мүше елдерде бағалар орта есеппен 12,9%-ға артқан. Қырғыз еліндегі кездесу барысында үкімет басшылары ЕАЭО елдерінің экспортын дамыту үшін тауарлар транзитінің еркіндігін қамтамасыз етуде айтты. «Шығыс-Батыс» және «Солтүстік-Оңтүстік» бағыттарындағы еуразиялық көлік дәліздерінің инфрақұрылымын жаңғырту осы бағыттағы маңызды практикалық қадам болуы мүмкін.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.