Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ҚАҢТАР ТЕРГЕУІ

c 09:16, 25/08/2022 c 976

0:00 / 0:00

Қаңтар трагедиясына қатысты қатысты 276 іс қаралып жатыр. Ішкі істер министрлігі Тергеу департаментінің басшысы Санжар Әділовтің мәлімдеуінше, полиция тергеушілері қаңтар оқиғасы бойынша 4 642 қылмыстық іс қозғады. Ал 971 іске қатысты тергеу аяқталды, оның ішінде 609 айыпталушыға қатысты іс сотқа жолданды. Сот талқылауының нәтижелері бойынша 539 айыпталушыға қатысты үкім шықты. Олардың 425-іне бас бостандығын шектеу жазасы берілсе, 104-і ауыр әрі аса ауыр қылмыстар жасағаны үшін бас бостандығынан айырылды.

Полиция қаралы қаңтар трагедиясында жаппай тәртіпсіздік жасағандардың жолында кездейсоқ кездесіп қалған азаматтардың барын айтады. Олар үркітіп-қорқыту арқылы қылмыс жасаушылардың талабын орындауға мәжбүр болған. Енді ішкі істер органы қаңтардағы бассыздықты ұйымдастырғандарды анықтап жатыр.Тергеушілер қаңтар оқиғасы бойынша 4 мың 642 қылмыстық іс қозғады. 971 іске қатысты тергеу аяқталды. 425-іне бас бостандығын шектеу жазасы берілсе, 104-і ауыр әрі аса ауыр қылмыстар жасағаны үшін бас бостандығынан айырылды. Тағы 276 іс қаралып жатыр.

Санжар Әділовтың айтуынша, тергеу нәтижесінде зардап шеккен азаматтарға 360 миллион теңге көлемінде шығын өтелді.

8 айға созылған тергеу ісіне нүкте қою әлі ерте. Себебі, қаңтар оқиғалары барысында ұрланған екі мыңға жуық қару қылмыскерлердің қолында қалып отыр. Оның ішінде суық қарулар- гранатомет, пулемет, автомат пен пистолеттер бар.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.