0:00 / 0:00
Экология министрлігі келесі жылдан бастап спорттық-әуесқойлық аңшылық ұйымдастыруды көздеп отыр. Министр Серікқали Брекешев бұл ақылы аңшылық болады деп отыр. Сондай-ақ, ол киіктерді ату мәселесіне қатысты соңғы шешім бір айдан соң шығарылатынын айтты.
Өздеріңізге мәлім Экология министрлігі Батыс Қазақстан облысында 80 мың бас киік атылады деп мәлімдеген болатын. Себебі өңірде ақбөкендердің саны тым көбейіп, егіс алқаптарын таптап кетіп жатыр деп, шаруалар шағымданған еді. Осылайша Жайық популяциясын реттемекші болған министрліктің бұл шешімін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сынға алғанды. Президенттен сөз естіген экология министрі Серікқали Брекешв енді оны шешудің басқа жолдарын іздеуде. Сондай-ақ, қазір киіктер миграциясы жүріп жатқандықтан бұл проблема дәл қазір маңызды болмай да қалды дейді.
СЕРІКҚАЛИ БРЕКЕШЕВ – ҚР ЭКОЛОГИЯ, ГЕОЛОГИЯ ЖӘНЕ ТАБИҒИ РЕСУРСТАР МИНИСТРІ «Батыс Қазақстан аймағындағы шаруларадың киіктерге қатысты шағымдары қазір күн тәртібінен түсті.Себебі киіктер мигарциясы басталды. Олар бір орында тұра бермейді ғой»
Министр Брекешевтің айтуынша, киіктерді атпай-ақ басқа жерлерге көшіру ұсынылған. Алайда бұл әдісті ғылыми қауымдастық тиімсіз де санады. Өйткені оларды жаппай көшіргенде өлу қаупі жоғары болады. Сол себепті бұл әдіс қабылданбаған. Серікқали Брекешев киіктер Қызыл кітапқа енбеген жануар болғандықтан оларды атуға рұқсат беру мәселесі де қаралып жатқанын айтты. Нақты шешім қазан айында қабылданбақ. Ал киіктердің санын реттеу үшін ақылы аңшылық енгізілуі мүмкін.
СЕРІКҚАЛИ БРЕКЕШЕВ – ҚР ЭКОЛОГИЯ, ГЕОЛОГИЯ ЖӘНЕ ТАБИҒИ РЕСУРСТАР МИНИСТРІ "Келесі жылы спорттық-әуесқойлық аңшылық ұйымдастыру және өткізу мәселесі қаралып жатыр. Бұл ақылы аңшылық болады. Біз бұған дейін киік Қызыл кітапқа енбегенін айттық. Бізде аңшылыққа 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін тыйым салынған. Бұл мәселелер қазір қаралуда, қазан айының соңына дейін бір шешімге келеміз"
Қазақстанда киіктердің саны 1 миллион 300 мыңнан асып жығылады. Яғни әлемдегі киіктің 95%-і біздің елде болса, оның 65%-і Батыс Қазақстанды мекендейді.