0:00 / 0:00
Қазақ басшысының Сочидегі кзедесуі қоғамды қызу талқыланды. Өткен демалыста Президент Қасым-Жомарт Тоқаев көрші елге сапарында Ресей Президент Владмир Путинмен кездескен еді. Екі ел басшыларының Сочи қаласындағы кездесуі 2,5 сағатқа созылды деп хабарлады Ақорда. Басқосуда Президенттер Қазақстан мен Ресей арасындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Өз сөзінде Қазақстан
Президенті еліміздің болашағы туралы пессимистік болжамдарға ешқандай негіз жоқ екенін, шекарамыз шегенделгенін айтты.
Қазақ басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың көрші елге сапары әлем назарында болды. Сочидегі Қазақстан мен Ресей Президенттерінің кездесуі 2,5 сағатқа созылыд деп хабарлады Ақорда. Тоқаев пен Путин сауда-экономикалық, инвестициялық және гуманитарлық ынтымақтастыққа, екі елдің халықаралық аренадағы өзара іс-әрекетіне қатысты барлық мәселелер жан-жақты талқыланды. Президенттер тұрақты жұмыс байланысын жалғастыруға келіскен.
ВЛАДИМИР ПУТИН – РФ ПРЕЗИДЕНТІ «Ресей Қазақстанның сауда-экономикалық әріптесі ретінде бірінші орында тұр. Бүгінде ірі жобаларамыз жұмыс істеп, дамуда. Ғарыш, жоғары технология саласында да ынтымақтастық бар»
Өткен жылы екі ел арасындағы сауда айналымы 24,5 миллиард долларды құрады.Өз кезегінде Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Ресей арасындағы ынтымақтастықтың болашағы туралы пессимистік болжамдарға ешқандай негіз жоқ екенін атап өтті. Сондай-ақ, шекарамыз шегенделгенін тағы да еске салды.
Тоқаевтың Ресейге сапарынан соң сарапшылар бұл кездесуге өз бағасын беріп жатты. Сарапышлардың пікірінше, негізінде Ресей жағы Сочи қаласындағы резиденцияны көбінесе бейресми және жұмыс сапарлары үшін көп қолданады. Ал қазақ басшысымен кездесу алдын ала жоспарланған. Санкт-Петербургтегі халықаралық, экономикалық форум аясында екі ел тарапы тағы да кездесуге келіскен. Яғни сол кезде шешілмей қалған мәселелердің болған. Бұл жолы осы сұрақтардың біршамасы шешілген секілді дейді сарапышлар. Еске сала кетейік, Петербургтағы форумда қазақ басшысы Тоқаев Қазақстан Донецк Халық Республикасы мен Луганск Халық Республикасының тәуелсіздігін мойындамайтынын мәлімдеген болатын.