Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

БІЛІМ САЛАСЫНДАҒЫ ПРОБЛЕМАЛАР

c 10:09, 22/08/2022 c 1150

0:00 / 0:00

Келесі жылдан бастап мектеп директорлары мен мұғалімдер 5 күндік жұмыс форматына көшеді. Бұған дейін де айтылғандай қазақстандық оқушылардың каникулы қысқарып, 31 мамырға дейін оқитын болады. Оқу-ағарту министрлігі жаңа оқу жылынан бастап үлгерімі төмендеп оқушыларды қосымша оқытуды қолға алмақ. Депутат Жұлдыз Сүлейменова ауыл мектептерінде жан басына қаржыландыруды ұсынды. Бұл ауылдағы білім ордаларын техникалық жабдықтауға мүмкіндік береді дейді ол. Жалпы білім саласындағы проблемалар мен жаңашылдықтар бүгін өткен тамыз конференциясында сөз болды.

Шалғай ауылдағы мектептердің жай-күйі көңіл қоншытпайды. Иә, педагогтардың материалдық жағдайы жақсарып, мәртебесі артып, заңмен бекітілді. Дегенмен, қала мектебі пен ауыл мектебінің айырмашылығы жер мен көктей. Интернеті жоқ ауылдардың оқушылары үшін заманауи білім алу қаншалықты қолжетімді? Ауылдағы мектептер толығымен заман талабына сай техникалық жабдықталған ба? Ауыл баласы интерактивті тақта дегеннен хабардар ма? Ауыл ұстаздары электронды күнделікті қалай жүргізіп отыр.Тіпті ауылдарда пән мұғалімдері тапшы екені бәрімізге мәлім. Инфрқұрылымы дамымаған шалғай ауылдарда білім ордасының жылу беруі мәселесі, дәретхана проблемасы күн тәртібінен түскен емес. Сұрақ көп, жауап жоқ. Тамыз конференциясында депутат Жұлдыз Сүлейменова ауыл мектептерінің проблемасын жан басына қаржыландыру арқылы шешуге болатынын айтып, ұсыныс тастады.

Білім саласы жаңартылған білім беруге көшкелі оны сынаушылар да, қолдаушылар да болды. Бал лардың оқу үлгеріміне қатысты да сұрақ көп. Министрдің дерегінше қазір 500 мың оқушының үлгерімі өте төмен. Оларды алға тарту үшін қосымша сабақтармен қамту қолға алынбақ. Соңғы екі жылда қауіптен індетпен күрес барысындағы карантиндік шектеулер де балалардың оқу үлгеріміне кері әсер етті. Онлайн оқу оқушылар үшін тиімсіз болып шықты.

Тағы бір жаңашылдық- келесі жылдан бастап мектеп директорлары мен мұғалімдер 5 күндік жұмыс форматына көшетін болды. Бұл барлық мектеп ұжымына қатысты. Министрлік мұғалімдер сенбі күні демалып, балаларының қасында болуы қажет екенін енді түсініп отыр.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.