0:00 / 0:00
Қазақстанға заман талабына сай Ұлттық қауіпсіздік қызметі керек. Ұлттық қауіпсіздік – мемлекеттердің бәсекеге қабілеттілігін арттырудың шешуші факторы. Бұл жайында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қауіпсіздік комитетінің 30 жылдығына арналған салтанатты жиында айтты. Президент күшейіп келе жатқан геосаяси шиеленіс, бұрын-соңды болмаған санкциялық текетірес, гибридті қақтығыстардың таралуы ұлттық қауіпсіздікке жаңа сын-қатерлер қаупін төндіретінін сөзге тиек етті.
Қаңтар таргедиясынан соң қоғамда Ұлттық қауіпсіздік қызметіне деген көзқарас өзгеріп, сенімсіздік туды. Себебі, қаралы қаңтарда мемлекеттік төңкеріс жасамақша болған ҰҚК бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімов екені мәлім болды. Лаңкестік әрекет деп де бағаланды. Қаңтар оқиғасынан соң Мәсімов бастаған ҰҚК бірнеше басшысы мемлекетке опасыздық жасағаны үшін қамауға алынып, терегу жүріп жатыр. Сондай-ақ, қаңтардағы жағдайға қатысты ҰҚК бір топ қызметкері де қамауға алынғанын білесіздер. Биыл айтулы органның қызметіне 30 жыл толып отыр. ҰҚК мерейтойымен құттықтап барған Президент, саладағы атқарылған істер мен кемшіліктерді де тізіп шықты. Президенттің айтуныша, жыл басынан бері ҰҚК –і экстермистік әрекеті және лаңкестікті насихаттағаны үшін 42 адамды ұстады. 2 терактінің алдын алды. Ұйымдасқан қылмысқа қатысты 22 бандалық топ ұсталды. Жарты жылда еліміздегі 15 есірткі лабораториясы жойылды. 23 халықаралық, 40 аймақтық есіркті каналының жұмысы тоқтатылды. Дегенмен, Тоқаев әлемде күшейіп келе жатқан геосаяси шиеленіс, бұрын-соңды болмаған санкциялық текетірес, гибридті қақтығыстардың таралуы ұлттық қауіпсіздікке жаңа сын-қатерлер қаупін төндіріп отырғанын айтты.
Сондай-ақ, Президент қаңтардағы қасіретті күндерде Комитеттің бірқатар басшыларының елге жасаған опасыздығын да еске салды.
Ұлттық қауіпсіздік органдары аналитикалық және ақпараттық барлау жұмыстарына баса мән беру керек. Яғни қазіргі заманғы талаптарға жауап бере алатын ҰҚК керек деді. Бұған дейін Президент ҰҚК реформалау туралы Жарлыққа қол қойғанды.
Айтпақшы, еске сала кетейік, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің өкілдері Павлодар облыстық Полиция департаментінің бұрынғы бастығы Нұрлан Мәсімовтың қалай ұсталғаны туралы мәліметтерді таратты. ҰҚК экс төрағасы Кәрім Мәсімовтің інісі қаңтар таргедиясынан кейін іздеуде болғанды. Ресей Федерациясының арнайы қызметінің көмегімен Қазақстан-Ресей шекарасының шығыс учаскесінде өткізу пункттерінен тыс жерден заңсыз өту әрекеті кезінде Нұрлан Мәсімов ұсталды.
Келісімдер аясында Ресей тарапы 13 шілде күні қашқын Нұрлан Мәсімовты Қазақстанның ҰҚК Шекара қызметі қызметкерлеріне берген. Қазір оның ісі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке берілді.