0:00 / 0:00
Блогерлер, телеграмм арналар мен пабликтердің қызметін БАҚ туралы заңмен реттеу ұсынылуда. Айта кетейік, қазір жұмыс тобында БАҚ туралы заңға өзгерістер енгізуге қатысты ұсыныстар жиналып жатыр. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауында БАҚ-тың бәсекеге қабілеттілігін арттыру, еркіндігін қамтамасыз ету мәселесін қозғап, БАҚ туралы заңды қайта қарау қажеттігін тапсырғандыды. Заңға «Журналистердің мәртебесі туралы» және «Қаламақы төлеу туралы» жаңа екі бапты енгізу ұсынылған еді. Мәлім болғандай заңнама бойынша әзірге тұжырымдама жоқ, тек ұсыныстар іріктеліп жатыр.
Бүгінде әлеуметтік желінің дамуы жеке адамның пікірінің қоғамдағы рөлін арттырып отыр. Кез келген адам еш шектеусіз, әрі бақылаусыз ақпарат құрастырушы және таратушы болды. Осылайша, әлеуметтік желінің өз "жұлдыздары" пайда болды. Қазіргі тілмен айтқанда блогерлер. Блогердің өзі сала-салаға бөлінеді. Бірі күнделікті ішкен-жегенін, киім-кешегін, баю жолын жариялап, жатса. Енді бірі биліктің жұмысын сынап, я болмаса шенеуніктерге айтылған сындарды жоққа шығарып, әкімдердің жұмысын насихаттап жатады. Жақында Президент Тоқаевтың өзі блогерлерге жүгінуді әдет қылған шенеуніктерді сынаған болатын. Тіпті, осы блогерсымақтар дәстүрлі БАҚ-ты ығыстырып тастауы да мүмкін деген пікір қалыптасты. Біреулер еркін ойдың алаңы саналатын интернет әлемі дәстүрлі БАҚ-қа бәсеке болды деген ой айтты. Қоғамда блогерЛерді журналситермен теңестіру туралы пікірлер де жоқ емес. Алайда, журналистің арқалағаны алтын, жегені жантақ дегендей. Блогерлер, пабликтер мен телеграмм арна ашып алғандар дәстүрлі БАҚ-ң жауапкершлігін мойнына ала ала ма? Мүмкін әлеуметтік желіге қызығушылық басым болып тұрғанда баспа газеттері нарықтан кетеді. Алайда, блогердің журналист бола алмайтыны сөзсіз. Шынайы ақпаратқа сүйеніп, дәлелмен сауатты жазу керек. Ал бүгінде мықты блогер ретінде танылғандар –журналситикадан шыққандар. Сөзін өткізе алатын, жазуы жетеге жететіндер. Енді блогерлер, телеграмм арналар мен пабликтердің қызметін БАҚ туралы заңмен реттеу ұсынылуда. Айта кетейік, қазір жұмыс тобында БАҚ туралы заңға өзгерістер енгізуге қатысты ұсыныстар жиналып жатыр.
Ақпарат министрі де блогерлерді журналистермен теңестіруге қарсы. Дей тұрғанмен...
Сондай-ақ, ақпарат министрінің Қазақстандағы сөз бостандығына қатысты ойын білген едік. Омаров елдегі сөз бостандығын бес балдық меже бойынша 4,9 балға бағалады. Министрдің пікірінше, Қазақстандағы цензура мен сөз бостандығымен байланысты жағдай ушығып тұрған жоқ. Журналистер спикерлерге қалаған сұрақтарын емін-еркін қоя алады деді ол.Журналист әлемдегі ең қауіпті 5 мамандықтың қатарына кіреді. Олар -шахтер, өрт сөндіруші, апаттан құтқарушы, полиция және журналист.