Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

САМАТ ӘБІШТЕН ЖАУАП АЛЫНЫП ЖАТЫР

c 10:25, 23/06/2022 c 921

0:00 / 0:00

Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бұрынғы орынбасары, экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Самат Әбіштен жауап алынып жатыр. Яғни Әбіш қаңтар трагедиясына қатысты тергеу орбитасында. Бұл жайында Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Асқар Әмірханов Мәжілістің дәлізінде журналистердің сұрағына жауабында айтты.

Қаңтар оқиғасынан соң қызметінен кеткен Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағысының бұрынғы орынбасары Самат Әбіштен қазір жауап алынып жатыр. Еске сала кетейік, Әбіш қаңтар оқиғасы кезінде жұмыста болғанды. ҰҚК экс-төрағасы Кәрім Мәсімов елдегі қақтығыстан кейін 6 қаңтарда қызметінен босатылды. 8 қаңтарда Мәсімов ұсталып, қамауға алынды. Онымен бірге екі орынбасары – Әнуар Садықұлов пен Дәулет Ерғожин де ұсталды. Қазір бұл күдіктілерге қатысты тергеу ісі жүріп жатыр. Оларға мемлекетке опасыздық жасау және билікті күшпен басып алуға әрекет жасағаны үшін айып тағылып отыр. Пара алу фактілері бойынша да тергеу жүргізілуде. Алайда, сол кезде Мәсімовтің орынбасары болған, экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Самат Әбіш қамауға алынбады. Қоғамды бұл үлкен сұрақ тудырып отыр. Бүгін мәлім болғандай ҰҚК басшылығы Әбіш қаңтар қасіретіне қатысты тергеу орбитасында. Яғни Самат Әбіш Қазақстанда, одан жауап алынып жатыр деді.

АСҚАР ӘМІРХАНОВ – ҚР ҰЛТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІК КОМИТЕТІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ "Қазір Самат Әбіш те тергеуге алынды. Ол тергеу орбитасында. Одан жауап алып жатыр. Ол күдікті ме, куәгер ме, статусын білмеймін. Өз басым оны көрген жоқпын. Бірақ тергеу жүріп жатыр, сондықтан ол осында болуға міндетті"

Комитет өкілі тергеу құпиялығына қатысты, басқа мәлімет бермеді. Ал Кәрім Мәсімов пен оның екі орынбасарынан басқа ҰҚК-ң тағы төрт аймақтың департамент басшылары тергеліп жатыр. Әмірхановтың айтуынша, оларға қатысты "Әрекетсіздік" және "Немқұрайлылық" баптары бойынша тергеу жүріп жатыр. Ал ҰКҚ бұрынғы басшыларына қатысты тергеу күзге қарай аяқталып, сот жабық өтуі мүмкін. Қаңтар таргедиясында қаза болғандардың аты-жөнін олардың қандай жағдайда қаза болғанын анықтап ғана жариялаймыз деді комитет өкілі. Яғни санатқа бөлу керек, кім қалай қаза болды. Біреу тонауға қатысқан, біреу шабуыл жасаған, біреу абайсызда қаза болған.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.