0:00 / 0:00
Парламент алдында Мемлекет басшысының жекелеген тапсырмаларын іске асыру мәселелері бойынша заң жобаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жұмысы тұр. Бүгін Мәжілісте бірқатар заңдарға өзгерістер енгізуді қамтитын жобаның тұсау кесері өтті. Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңға енгізілетін түзетулер тікелей шарт жасасу арқылы бір көзден мемлекеттік сатып алу негіздерін қысқартуды көздеп отыр. Соның ішінде квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерін сатып алу туралы заңға айтарлықтай өзгеріс енбек. Бүгін экономика вице-министрі Абзал Әбдікәрімов . Сондай-ақ, мемлекеттік қызметкерлердің жұмысын реттеу, рейтингін жасау туралы өзгерістер бар.
Президенттің жекелеген тапсырламаларын іске асыру үшін арнайы заң жобасы ұсынылып отыр. Парламент Мәжілісінде құжаттың тұсау кесері өтті. Депутаттар алдына келген Ұлттық экономика вице-министрі Әбдкәрімов мәселені «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңға енгізілетін түзетулерден бастаймыз деп отыр. Бір көзден мемлекеттік сатып алу қысқартылмақ.
Сондай-ақ заң жобасында бюджетаралық қатынастарды одан әрі реформалау көзделген.
Өңірлердің қаржылық дербестігін қамтып, салық түсімдерінің кейбір түрлерін жергілікті деңгейге беру қарастырылып отыр. Әрине тамыры тереңге кеткен, сыбайлас жемқорлыққа қарсы бақылауды күшейту шеңберінде мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жобаларын жоспарлау көзделген. Айтпақшы, мемлекеттік қызметке келуді жеңілдете отырып, олардың сапалы жұмыс істеуін қадағалау күшейтіледі. Яғни тоқсан сайын мемлекеттік қызметкердің жұмысы бағаланып отырады. Алайда депутаттар бұл ұсынысқа қарсы шықты.
Мәжілісмендердің айтуынша, шенеуніктердің қызметін бағалаудан нәтиже шықпайды. Мысалы, облыс әкімдері рейтингті қолдан жасап алып жүр. Ал ісінде түк нәтиже жоқ дейді депутаттар.
Ұлттық экономика вице-министрі креативті индустрияларды құқықтық реттеу мақсатында креативті индустриялар ұғымын айқындап, заңнамалық тұрғыдан бекітіп, осы субъектілердің қызметін реттеуді ұсынды. Үкіметтің халықтың табысын арттыруға арналған бағдарламасында креативті индустрияны дамыту жоспары бар. Бұл орайда жастар мәдениет, кино, шығармашылық, IT технологиялар саласындағы отандық креативті жобаларға қатысады. Бұл Қазақстан үшін әзірге жоба. Ал әлемдегі шығармашылық индустрияларды капиталдандыру бүгінде шамамен 2,3 трлн долларды құрайды. АҚШ-та индустрия аясында 30 млн-нан астам жұмыс орны құрылды. Креативті индустриялар біртіндеп дамыған және дамушы елдерде экономиканың драйверлеріне айналуда. 2016 жылы кореялық креативті индустриялардың экспорты $ 6 млрд-тан асты.