0:00 / 0:00
Су жаңа ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің жұмыс кабинеті, креслосы жоқ екен. Нұрбек мырза министрдің жұмсақ орынын әлі сезіне алмай жатқанын айтты. Ал ғылым министрі ретінде өмірінде алғаш рет өз бастамаларын жүзеге асыруға мүмкіндік алғанын да жасырмады. Ол жайында министр үкіметтің дәлізінде журналистердің сұрағында айтқан еді. Толығырақ тілші репортажынан
Үкіметтің отырысына алғашқы рет министр ретінде қатысқан Саясат Нұрбекке қояр сұрағымыз аз болмады. Ғылым және жоғары білім министрі лауызымына өзім сұранған жоқпын, президенттің шешімі деп ақталды ол. Ал әлеуметтік желіде пікір жазушылар бірде-бір ғылыми жұмысы жоқ Нұрбек мырзаның ғылымды басқарғаны қалай болды деген сыни ойлар айтты. Алайда, сынаушылар тереңірек қазбаламаған екен,ғылыми мақалалар жазғанмын дейді ол. Ал ғылыми атағым болмағаны, осы саланы бейтарап басқаруға мүмкіндік береді деп отыр министр.
Сондай-ақ, жаңа лауызымға келген Нұрбек мырзаны әлеуметтік желіде жат ағымдармен байланыстырғандар болды. Нақтырақ айтқанда, салафизммен. Тіпті Бекболат Тілеуханмен бірге түскен суреттері жарияланды. Министр салафизмге ешқандай қатысым жоқ деп ақталды.
Ғылым министрі болып тағайындалғанына үш күн болған Саясат Нұрбек әзірге жұмсақ орнына орналаса қоймапты. Бұрынғы білім және ғылым министрлігінің ғимаратында сол министрлікті екіге бөлу процесі жүріп жатыр екен.
Осы саланы басқарып, енді Оқу-ағарту министрі боған Асхат Аймағамбетов сапасыз білім беретін жоғары оқу орындарын жабу жұымысын қарқынды жүргізген болатын. Аймағамбетов өз бастаған жұмысты жаңа министр жалғастырады деген үмітте.
Министр Нұрбектің айтуынша жаңа министрліктің жұмысын алға қою үшін 1-2 ай уақыт қажет. Депутаттықтан министр лауазымын тізгіндеген Саясат Нұрбек жаңа қызметте жалақысы қанша болатынын да білмейді. Ал шетелде оқып жүрген балаларын енді елге қайтаратынын айтты. Жұбайы мен балаларының денсаулығына қатысты отбасы Кипрде тұрып жатыр, балалары сонда білім алуда. Қазақстандағы жекеменшік мектептердің құны қымбат болғандықтан, балаларын Кипрде британдық форматта оқытатын білім ордасына берген. Енді маусым айының соңында олар Қазақстанға оралады, алаңдамаңыздар деп ағынан жарылды министр мырза.