Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ҚАНТ ҚЫМБАТТАЙДЫ

c 19:05, 01/06/2022 c 727

0:00 / 0:00

Ақ алтынға айналған қанттың бағасы тағы да құбылды. Осыдан екі ай бұрын шарықтаған қант бағасын тоқтатамыз, қанттың үш айлық қоры жеткілікті деген Үкімет мүшелері сөзінде тұра алмады. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік қатарына кіретін қанттың бағасы күн санап қымбаттауда. Қанттың көтерме бағасы 450 теңгені құраса, халыққа жеткенше оның құны 900 теңгее дейін шарықтап жатыр. Бұған көрші елден келетін қант импортына шектеу мен ортадағы делдалдар кінәлі дейді сауда министрі. Ал ауыл шаруашылық министрі Ербол Қарашөкеев болса, қант қымбаттайды деп отыр.
Мәтін. Қант әлеуметтік маңызы бар азық-түліктер тізіміне кіреді. Ендігі құны шарықтап ақ алтынға айналған қанттың жыры бітер емес. Осыдан бір жарым ай бұрын вице-премьер және сауда министрлігін қатар басқарып отырған Бақыт Сұлтанов қанттың үш айлық қоры бар, даурықпаңыздар, бағаны ұстап тұрамыз, ал бағаны негізсіз өсіргендерді тексереміз деген атудай уәдесін берген болатын. Алайда, үкімет мүшелері өз сөздерінде тұра алмады. Қазір қанттың құны күн санап қымбаттап жатыр. Жауапты ведомство мен кәсіпорын өкілдері елде қант тапшылығы жоқ екенін айтады. Олар қанттың бір келісі 400 теңге шамасында сатылып жатқанын айтқанмен, бағаны тұрақтандыру қиынға соғып отыр. Кей өңірде тұрғындар бір келі ақ қантты 800-900 теңгеден сатып алуда.

Осылайша вице-премьердің айтуынша, қанттың қымбаттауына Ресейден тасымалдауға шектеу қойылуы әсер етті. Себебі, қанттың 70 пайызы елге импортпен әкелінсе, оның 90 пайызы осы көршіден тасымалданып келеді. Сондай-ақ, ол қолда бар қанттың қымбаттауына ортадағы делдалдарды кінәлады.

4 қазақстандық қант зауыты бар. Алайда, шикізат тапшы болғандықтан, ішкі нарықты толық қамти алмайды. Мысалы, Жамбылдағы зауыттан шығатын өнім қант сұранысының 7 пайызын ғана қамтиды. Ауыл шаруашылық министрінің айтуынша, қызылшадан өңдейтін қантты өңдеу мерзімі қазан айынан басталады. Қазіргі уақытта отандық зауыттар қантты құрақ қанттан жасап отыр.Оның өзі Бразилия, Үндістан елдерінен әкелінген. Сондықтан қант бағасы қымбаттайды дейді Қарашөкеев.

Министрдің мәліметінше,ай сайын елімізде 45 мың тонна қант тұтынады. Оның ішінде 25 мың тоннасы халықтың сұранысы. Қалғанын сусын шығаратын кәсіпорындар пайдаланады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.