Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ТУРИЗМНІҢ ДАМУЫНА НЕ КЕДЕРГІ?

c 19:14, 01/06/2022 c 779

0:00 / 0:00

Қазақстанда туризмнің дамуына не кедергі? Бұл мәселе бүгін өткен үкіметтің отырысында талқыланды. 2021 жылдың қорытындысы бойынша ішкі туристер саны 50% өсті. Бұл – 6,9 млн адам. Аталған көрсеткіш пандемияға дейінгі кезеңмен салыстырғанда шамамен 300 мың адамға жоғары. Сонымен қатар 2021 жылдың қорытындысы бойынша шетелдік туристер саны азайды, бұның себебін карантиндік шаралар мен сыртқы шекаралардың жабық болуымен байланыстырамыз, - деп мәлімдеді Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев. Ұлттық саябақтарға келушілердің саны да артты. Іле-Алатауы, Көлсай, Шарын сияқты ұлттық парктерге келушілер санының еселеп өсуі ерекше байқалады дейді ол. Дегенмен ішкі туризмді дамыту үшін атқарылатын шаруа әлі деп көп.

Әлемде тек туризммен дамып отырған елдер бар. Инфрақұрылымы, қызмет көрсетуі саласы дамыған елдерге туристердің сұранысы артқан. Ал Қазақстан әлемге өзін жарнамалауда кенже қалып отыр. Туризм тек табиғатпен ғана шектелмейді, тарих пен археологиялық қазбалардың, мәдениет пен өркениеттің, сәулет пен ескерткіштердің тартымдылығымен, салт-дәстүрдің ерекшелігін де туристерді тартуда қолданған жөн дейді мамандар. Ол үшін Қазақстанның потенциалы мол. Алайда, елімізді Орта Азияның туристік шаңырағына айналдыра алмай отырмыз. Бәрі маусымдық сипатта ғана қызмет етеді. Қазақстанның бай табиғатын насихаттайтын фильмдер аз. Ақпарат жоқтың қасы. Министр үкіметте Маңғыстау өңірінде туризмді дамытуға арналған бейнероликті көрсеткен еді. Үкімет басшысы еліміздің өзге де аймақтарын қамтыған қысқа филтмдер жасауды бұйырды. Шетелдік туристер үшін ғаламтордан Қазақстанның туристік жерлері туралы мәлімет алуына мүмкіндік жасалмаған. Өкінішке орай шетелдіктер түгілі, қазақстандықтардың өзі еліміздің әсем жерлеріне саяхаттап бара бермейді. Мәдениет министрінің мәліметінше, пандемия барысында сыртқа шыға алмаған қазақстандықтар ішкі туризмге едәуір үлес қосқан. 2021 жылдың қорытындысы бойынша ішкі туристер саны 50% өсті. Бұл – 6,9 млн адамды құрайды. Дегенмен, карантиндік шектеулер сырттан келетін туристер санын азайтты.

Үкімет туризмді дамыту жоспарын жасағанымен, еліміздегі туристік орындардағы жағдай көңіл қоншытпайды. Басты проблема-дәретхана. Қазақстандық туристік операторлар әр кездесу сайын дәретхана жетіспеушілігі мәселесін жиі көтереді дейді министр. Табиғаты тамылжыған ұлттық парктерде әкімдіктер дәретхана салғанымен, олар жұмыс істемейді. Өйткені, дәретханаларды толық жабдықтау жүйесіне қосу, су тарту өте қымбат.

Туризмді дамыту үшін инфрақұрылымды қамтып алу керек. Ол үшін инвестиция тарту қажет.

Соңғы жылдары Ұлттық саябақтарға келушілердің саны да артты. Іле-Алатауы, Көлсай, Шарын сияқты ұлттық парктерге келушілер саны еселеп өскен. Дегенмен ішкі туризмді дамыту үшін атқарылатын шаруа әлі деп көп.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.