Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

САЯСИ ҚУҒЫН-СҮРГІН ҚҰРБАНДАРЫН ЕСКЕ АЛУ

c 11:47, 01/06/2022 c 649

0:00 / 0:00

Ресми астанада саяси қуғын –сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу шаралары өтті. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бастаған билік өкілдері елордадағы "1932-1933 жылдардағы саяси қуғын-сүргін және ашаршылық кезінде құрбан болғандардың рухына тағзым етті. Шараға нәубет жылдары зардап шеккен отандастарымыздың жақындары мен туыстары да қатысты. Ал Ақмола облысына қарасты Ақмол ауылындағы әйгілі Алжир лагеріне Үкімет басшысы Әлихан Смайылов барып, репрессияға ұшырағандардың аруағына тағзым етті. Саяси партиялар да бұл күнді назардан тыс қалдырмады. Ақжолдықтар елорданың оң жағалауындағы монуметке гүл шоқтарын қойып, құрбандардың аруағына дұға бағыштады.

Елорданың оң жағалауындағы саяси қуғын-сүргін және ашаршылық кезінде құрбан болғандардың рухына арналған монументке Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев гүл шоқтарын қойып, олардың аруағына тағзым етті. Президентпен бірге бұл шараға нәубет жылдары зардап шеккен отандастарымыздың жақындары мен туыстары да қатысты. Биліктің бірқатар өкілі де төбе көрсетті. Ал Ақмола облысының Ақмол ауылындағы Алжир лагеріне премьер-министр Әлихан Смайылов ат басын тіреді. Рәсім бойынша гүл шоқтарын қойып, респрессия құрбандарының рухына тағзым етті. Одан әрі Смайылов лагерді аралап шықты. Еліміздің саяси партиялары да бұл күнді назардан тыс қалдырмады. Ақжол партиясының серкесі ел үшін, жер үшін күресіп, құрбан болғандардың әлі де ақталмағаны қаншама дейді.

Қоғамда саяси қуғынға түсіп, құрбан болғандарды дәріптеу әлі де болса билік тарапынан жоғары деңгейде атап өтілмей жатыр деген пікірлер бар. Парламент қабырғасында бұл мәселені бірнеше рет көтерген ақжолдықтар ұлттық идеологияны қолдан жасаймыз деп жүрген биілкке өз кеңесін береді.

Монумент басына ашаршылық пен қуғындаудың құрбаны болған марқұмдардың ұрпағы бабаларына тағзым етіп келіп жатты. Сонау 30 жылдардың басындағы ашаршылық 1,5 миллион қазақтың өмірін қиды. Бұл қазаққа жасалған геноцид деп бағалануы керек дейді құрбандардың ұрпағы.

Қасіретті 37 жылдары саяси репрессияға ұшырағандарды атып тастап ғана қоймай, Сталиннің бұйрығымен тұтқындалғандарға қатысты ұрып-соғып, қорлау әрекеттері де жасалған. Тіпті айыптаушы мен қорғаушы мүлдем болмаған, бірден ату жазасына кесу үкімі шығарылып отырған. 12 жастағы балалардан бастап атуға бұйрық берілген. Ресми мәліметке сүйенсек, Қазақстанда ГУЛАГ құрылымының ең ірі лагерлері – АЛЖИР, Степлаг, Карлаг болды. Қуғын-сүргін жылдары Қазақстан лагерлеріне 5 миллионнан астам адам жер аударылды. Кейбір мәліметтер бойынша, тұтқындардың жалпы саны бұдан бірнеше есе көп болған.Тәуелсіздік алған жылдары шыққан «Аза кітабында» 146 мың 500 күнәсіз жазғырылған қазақстандықтың аты жазылған. Заңсыз қуғындалған 340 мыңнан астам азамат ақталды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.