Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

«ҮКІМЕТ АРТЫҚ ҚЫЛАМ ДЕП, ТЫРТЫҚ ҚЫЛДЫ»

c 19:37, 25/05/2022 c 1045

0:00 / 0:00

Үкімет 4 пайыздық жеңілдетілген автонесиені енгізіп артық қылам деп, тыртық қылды деп сынады Мәжіліс депутаты Айқын Қоңыров. Депутат Премьер-министр Әлихан Смайыловқа жолдаған сауалында арзан автонесиенің тетігі тиісінше ойластырылмаған. Соның салдарынан мемлекеттің оң бастамасын бүлдіріп отыр деді. Қазір автосалон кезіп жүргендер жеңілдетілген несиемен көлік алу мақсатына қол жеткізуі қиын деп отыр. Себебі, көлік жоқ, айлап күтуге тура келеді деген шағымдар бар.

Аты шулы жеңілдетілген автонесиені беру басталғанымен, оны рәсімдеу, армандаған темір тұлпарыңа дер кезінде қол жеткізу бойынша мәселе туындап отыр. Кейбір автосалондарда 4 пайыздық несие алуға рұқсат берілгенімен, көлік жоқ. Депутаттардың айтуынша, қарапайым азаматтардың жаңа автокөлікке қолжетімділігін арттыру үшін бюджеттен қыруар қаржы бөлінді. Ал бағдарламаны жүзеге асыру аясында орын алған олқылық әлеуметтік шиеленіс тудырып отыр. Осылайша үкімет әдеттегідей мемлекетті ақталушының және қатесін түзетушінің орнына қойды дейді мәжілісмен Қоңыров.

АЙҚЫН ҚОҢЫРОВ – ҚР ПАРЛАМЕНТ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ «Үкімет тағы да артық қыламын деп, тыртық қылды. Жеңілдетілген автонесие тағы да мемлекеттің дұрыс ойластырмаған бастамаларының осал тұстарын көрсетті. Автокөлікке жоғары сұраныс болып тұрғанда, дәстүрлі нарықтық жүйе әлдеқашан жұмыс істеу мүмкіндігін тоқтатқанын көрсетті. Автокөлік айналымының барлық кезеңінде жеткізу, өндіру, сату, кәдеге жарату жүйесіне қосылғысы келетіндердің саны артып келеді. Олардың барлығы түрлі операторлармен, делдалдармен, агенттермен әрекеттеседі. Бұл жерде әркім өз маржасын алуды көздейді. Салдарынан сатып алушының қалтасы қағылады»

Депуттаттың айтуынша, үкімет бұл бастаманы пилоттық жоба ретінде енгізуі керек еді. 100 млрд теңгені құрайтын жеңілдетілген автонесиелеудің жалпыұлттық бағдарламасын іске асырудың ең болмағанда қарапайым сценарийі жасалмаған дейді ол. Бұл орайда мәжілісмен Қоңыров бастаған депутаттық топ ел қазынасы мен қарапайым қазақстандықтардың әмиянына салмақ салатын бастамаларды тоқтату қажет деп есептейді. Қандайда бір жобаны сынақтан өткізіп алмай, ірі бастамаларды мемлекеттік бюджеттен қаржыландыруға тыйым салуды ұсынды. Ал индустрия министрі тілшілерге берген сұқбатында, 4 пайыздық автонесие бойынша еш проблема жоқ деп сендіруге тырысқан еді.

Индустрия министрлігінің мәліметінше, бүгінге жеңілдетілген автонесиемен көлік алуға 16 212 өтініш түссе, соның 5 433 мақұлданған. 361 көлік сатып алушының қолына берілген.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.