Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

СҰЛТАНОВТЫҢ САПАРЫ ҚЫМБАТҚА ТҮСТІ

c 08:32, 20/05/2022 c 722

0:00 / 0:00

Үкімет басшысының орынбасары, Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтановтың екі күндік жұмыс сапарына ел қазынасынан 10 млн теңгеге жуық қаржы жұмсалды. Бұл жайында журналист Жәмиля Маричева Instagram парақшасындағы жариялады. Журналист кезекті зерттеу жұмысында премьер-министрдің орынбасары Сұлтановтың Алматы және Талдықорған қалаларына жұмыс сапары жайында жазған. Осылайша шенеунік Алматы облысына жасаған бұл сапарына халықтың салығынан 9,6 млн теңге жұмсаған. Шендінің екі күндік сапары неге қымбатқа түсті? Бұл сұрақты арнамыздың тілшісі Әселім Қалкен сенат дәлізінде Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаевқа қойған еді.

Үкімет басшысының орынбасары, сауда министрлігін тізгіндеп отырған Бақыт Сұлтановтың Алматы өңіріне екі күндік сапарына қатысты мәлімет әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр.Журналист Жәмиля Маричева Instagram парақшасында кезекті зерттеу жұмысын жариялады. Онда премьер-министрдің орынбасары Сұлтановтың Алматы және Талдықорған қалаларына жұмыс сапары жайында жазған. Мәлім болғандай белді шенеунік Алматы облысына жасаған бұл сапарына халықтың салығынан 9,6 млн теңге жұмсаған. Журналистің зерттеуінне мәлім болғандай, Бақыт Сұлтанов Алматы қаласына 15 ақпан күні күндіз ұшып келген. Бұл жерде ол қала әкімімен жиналыс өткізіп, «сауда саласын дамыту мен бағаларды тұрақтандыру» мәселелерін тақылаған. Одан әрі Сұлтанов Алматыда бір күн қонып, екінші күні Талдықорған қаласына ұшып барған. Алматы облысының әкімі Қанат Бозымбаевпен кездесіп, облыстағы мәселелерді сөз еткен. Ел қамы үшін ұшып-қонып жүрген сауда министрінің екі күндік сапары неге қымбатқа түсті деген сұрақты еліміздің бас қаржыгеріне қойған едік.

Жамаубаевтың айтуынша, министрлерге бюджет қаражатын үнемдеу ескертілген. Шұғыл жағдайлар, күйіп бара жатқан нәрселер болмаса, рейстік ұшақтармен ұшу керек. Ал қаржы министрінің өзі іс-сапарға шыққанда эконом-класты қолданады екен. Ал литерлік арнайы ұшақпен ұшуға барлығына бірдей рұқсат етілмеген.

ЕРҰЛАН ЖАМАУБАЕВ – ҚР ПЕРМЬЕР-МИНИСТРДІҢ ОРЫНБАСАРЫ, ҚАРЖЫ МИНИСТРІ «Литерлік арнайы ұшақпен ұшуға барлығына бірдей рұқсат етілмеген.Онда да белгілі бір шарттар жазылған. Қазір нақты опцияларды айта алмаймын. Содан кейін Премьер-Министрдің, ел басшылығының рұқсаты қажет болады. Өзіме тоқталсам, жеке ұшақты пайдаланбаймын. Бірақ, қазір Мемлекет басшысының әрбір министрдің өңірлерге шығып, халықпен кездесуі керек деген тапсырмасы бар. Біз негізінен эконом-класты қолданамыз. Бірақ менің сапарым жиі бола бермейді. Жыл басында Түркістан облысына, Алматы облысына эконом-класпен ұшқанмын»

Қазынаның қаржысын оңды-солды жұмсауға келгенде сараңдық танытпайтын шенділердің бұл әрекетін қалай түсінуге болады? Сол үкімет мүшелері әлеуметтік салаға қаржы бөлуге келгенде мырзалық таныта алмай, өзінің жүріс-тұрысына халықтың салығын аяусыз жұмсағаны қалай?

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.