Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ЖЕҢІЛДЕТІЛГЕН АВТОНЕСИЕ 16 МАМЫРДАН БАСТАП БЕРІЛЕДІ

c 10:38, 16/05/2022 c 900

0:00 / 0:00

Жеңілдетілген автонесие келесі аптадан бастап беріледі. Үкімет басшысының бірінші орынбасары Роман Склярдың мәлімдеуінще, 16 мамырдан еліміздің екінші деңгейлі банктері жеңілдетілген автонесиеге өтінімді қабылдауды бастайды. Өздеріңізге мәлім, жеңіл автокөліктерді сатып алуға берілетін несие бойынша сыйақы мөлшерлемесі ¬– 4% құрайды. Ал несиелендіру сомасы – 10 млн теңгеден аспайды. Жеңілдетілген несие бастапқы жарнасыз 7 жылға беріледі. Көлік құны 15 млн теңгеден аспайды.
Қазақстандықтар асыға күтіп отырған жеңілдетілген автонесие келесі аптадан бастап берілетін болды. Үкімет басшысының орынбасары Роман Склярдың айтуынша, еліміздің 5 банкімен қажетті келісімдер бекітілді. Еске сала кетейік, жеңіл автокөліктерді сатып алуға берілетін несие бойынша сыйақы мөлшерлемесі ¬– 4% құрайды. Ал несиелендіру сомасы – 10 млн теңгеден аспайды. Жеңілдетілген несие бастапқы жарнасыз 7 жылға беріледі. Көлік құны 15 млн теңгеден аспайды.

РОМАН СКЛЯР – ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРДІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ «Кешеден бері банктер өздерінің корпоративті рәсімдерін, директорлар кеңесінің отырыстарын өткізіп жатыр. Өнеркәсіпті дамыту қоры олармен барлық қажетті келісімдерді бекітті. Енді олар тиісті рәсімдерден кейін, келесі аптадан бастап несиені бере бастайды. Берген уәделеріне қарағанда, барлық жұмыстар дүйсенбі күні іске асырылады»

Былтырдан бері жеңілдетілген автонесиеге өтініш білдіріп, кезекте тұрғандар саны 15 мың адамды құрайды. Үкімет мүшелері ең аллдымен осы кезекте тұрғандар несие беріліп бастайтынын айтады. Индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрлігінің мәліметінше, 2027 жылға дейін жеңілдетілген автонесиеге 250 миллиард теңге бөлу жоспары бар. Республикалық бюджеттен 150 миллиард, ал «Өнеркәсіпті дамыту қорынан» кәдеге жарату төлемінен 100 миллиард теңге жұмсалады.Ал биыл жыл соңына дейін мемлекет бюджет тарапынан бағдарламаны жүзеге асыруға 30 милиард теңге бөлу көзделген.

РОМАН СКЛЯР – ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРДІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ «Атап айтқанда, несие беру бағдарламасы қазір де жұмыс істеп тұр. Револьверлік негізде 88 млрд теңге бар және бұл қаражат айналымда. Бағдарлама бойынша соңғы бес жыл бойы тиісті жұмыстар жүргізіліп жатыр. Осы орайда «Өнеркәсіпті дамыту қорынан» аударылатын 100 млрд теңгені қосамыз»

Еске сала кетейік, жеңілдетілген автонесиеге бөлініп отырған 100 млрд утильалымдар бойынша жиналған қаражат. «Өнеркәсіпті дамыту қорының» миллиардтары қолды болды деп шулаған еді депутаттар. Соңғы бес жылда автокөлік пен ауыл шаруашылығы техникасын сатып алу кезінде сатып алушы жеке операторға 400 мыңнан 13 миллион теңгеге дейін беріп келді. Команияның былықтары қаңтар оқиғаларынан соң ашылды. Соның ішінде бес жыл бойы утилизациялық алымдарды жинап келген «РОП операторының» заңсыз әрекеттері әшкерленді. Президенттің тапсырмасымен бұл компанияның жұмысы тоқталып, мемлекеттік органға берілді. Бірқатар жауапты басшылары қамауға алынды. Экология министрлігінің мәліметінше, компания 700 миллиард теңгеге жуық пайда тапқан. Алайда, жиналған қаражаттың бәрі бірдей кәдеге жаратылмаған.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.