0:00 / 0:00
Тұңғыш Президенттің немере інісі Қайрат Сатыбалдыұлына қатысты қамауда ұстау мерзімі ұзартылды. Сондай-ақ, экс-депутат Дариға Назарбаеваның бұрынғы құдасы Қайрат Боранбаевқа қатысты қамауда ұстау мерзімі де 1 айға ұзартылды. Бұл жайында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Ұлан Сарқұлов журналистермен өткен брифингте айтты.
Еске түсірсек, наурыз айының орта кезінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет "Қазақтелеком" АҚ-тың лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалану және аса ірі мөлшерде қаражат ұрлау дерегі бойынша Қайрат Сатыбалдыны ұстап, оған қатысты қылмыстық істі тергеп жатыр. Тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Қайрат Сатыбалды Алматы облысының аумағынан Дубайға ұшпақшы болған сәтінде тұзаққа түскен еді. Көпке ұзамай бір Қайраттың соңынан екінші Қайрат ұсталған еді. Экс-депутат Дариға Назарбаеваның бұрынғы құдасы, бизнесмен Қайрат Боранбаев та қазір қамауда отыр. Боранбаев елімізде ауқатты байлардың бірі. Ол «Forbes Kazakhstan» рейтингінде 590 миллион доллар байлығымен 14-ші орында тұр. Бұған дейін хабарланғандай, қаржылық мониторингі агенттігі Қайрат Боранбаевқа қатысты квазимемлекеттік секторда аса ірі мөлшерде қаражат ұрлау фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр. Сот екеуіне қатысты қамауда ұстау мерзімін тағы бір айға ұзартты.
ҰЛАН САРҚҰЛОВ – ҚР СЫЙБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ "2022 жылғы 12 мамырда Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Қайрат Сатыбалдыұлына қатысты күзетпен ұстау түріндегі санкцияланған бұлтартпау шарасының мерзімін 1 ай мерзімге ұзартты. Тергеу соты күдікті Қайрат Боранбаевқа қатысты күзетпен ұстау түріндегі санкцияланған бұлтартпау шарасының мерзімін 1 ай мерзімге ұзартты"
Баспасөз маслихаты барысында журналистерді отбасының өзге де мүшелеріне қатысты іс қозғалды ма деген сұрақ мазалады.
Жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі жоғарыда аталған тұлғалардың тағы қандай істер бойынша жауапқа тартылып жатқаны жайында мәлімет бермеді. Себебі Қылмыстық-процессуалдық кодекстің баптарына қатысты тергеудің өзге ақпаратын жариялауға тыйым салынған. Агенттік өкілі бұл орайда істің қандай да бір мәліметін жасырып қалып жатқан жоқпыз, тергеуге кедергі келтірмеу мақсатында айта алмаймыз деп ақталды. Еске сала кетейік, бұған дейін Қайрат Сатыбалдының басқа да іске қатысы бар бар-жоғы тескеріліп жатыр деп хабарлағанды.