0:00 / 0:00
Әлихан Смайылов бастаған министрлер кабинеті алда өтетін бүкілхалықтық референдумға қанша қаржы бөлмек? Қоғамды алаңдатып отырған –зейнет жасын төмендетуге дайын ба? Бүгін өткен үкіметтің селекторлық отырысына қатысқан журналситерді мазалған басты+ сұрақтар осы болды. Мәлім болғандай, республикалық референдумға мемлекеттік бюджеттен 16 миллиард 460 миллион теңге бөлінеді. Сондай-ақ үкіметтегілер зейнет жасын төмендету мәселесі күн тәртібінде тұр, талқылауға дайынбыз дейді. Толығырақ Әселім Қалкен баяндайды.Әлихан Смайылов бастаған министрлер кабинеті алда өтетін бүкілхалықтық референдумға қанша қаржы бөлмек? Қоғамды алаңдатып отырған –зейнет жасын төмендетуге дайын ба? Бүгін өткен үкіметтің селекторлық отырысына қатысқан журналситерді мазалған басты+ сұрақтар осы болды. Мәлім болғандай, республикалық референдумға мемлекеттік бюджеттен 16 миллиард 460 миллион теңге бөлінеді. Сондай-ақ үкіметтегілер зейнет жасын төмендету мәселесі күн тәртібінде тұр, талқылауға дайынбыз дейді. Толығырақ Әселім Қалкен баяндайды.
Үкіметтің әр сейсенбіде өтетін дәстүрлі отырысы бейсенбіге ығысты. Себебі, қазақстандықтар мамырдағы қос мерекені атап өтіп, төрт қатарынан демалғанын білеміз. Өздеріңізге мәлім, әйелдер үшін бүгінгі таңда зейнет жасына шығу 60-61 жас және одан әрі 2027 жылға қарай 63 жасқа дейін біртіндеп артады. Алайда қазақстандықтар бұл шешімге қарсы. Әсіресе зиянды жұмыс орындарында қызмет ететіндер, мүгедектігі барлар, әйел азаматтар зейнет жасына ертерек шыққаны жөн деген пікір бар. Бұған дейін Мәжіліс депутаты Ерлан Смайылов қауіпті және зиянды өндірісте істейтін жұмысшылардың, яғни шахтерлер мен металлургтердің зейнет жасын 55 жасқа дейін төмендетуді ұсынды. Вице-премьердің айтуынша, қоғамды алаңдатып отырған зейнет жасына қатысты мәселе күн тәртібінде тұр. Дегенмен, вице-премьер Тоғжанов халықаралық тәжірибе зейнет жасын төмендетуді көздемейді дейді.СНХ. ЕРАЛЫ ТОҒЖАНОВ – ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ« Бүгінде бұл мәселені шахтерлер ғана көтеріп жүрген жоқ. Мүгедек баласы бар аналар да қозғап жүр. Сол себепті біз талқылаймыз. Жыл соңына қарай Әлеуметтік кодекс талқыланады. Бірнеше талқылау өтеді, сіздер де оған қатысасыздар. Әйелдерге қатысты да дәл осылай айтып отырмын. Бүгінде зейнетке шығудың орташа жасы 2027 жылға дейін 60-61 жас деңгейінде. Сондықтан бұл мәселе күн тәртібінде тұр. Әлі талқылаймыз".Әзірге үкіметтегілер зейнеткерлікке шығу жасына қатысты депутаттардан, халықтан келіп жатқан сұрауларға нақты жауап айтпай отыр. Бұл мәселеге қатысты талқылау көпшілік күткендей нәтиже берсе жақсы. Ал 5 маусымда өтетін республикалық референдумға қазынадан 16,5 миллирд теңгеге жуық қаржы бөлінетінін нақты айтты. Еліміздің бас қаржыгері Орталық Сайлау комиссиясының есептеп берген шығын көзі бойынша ақша бөлеміз деп отыр. Снх.
ЕРҰЛАН ЖАМАУБАЕВ - ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ, ҚАРЖЫ МИНИСТРІ "Алдағы республикалық референдумға мемлекеттік бюджеттен 16 миллиард 460 миллион теңге бөлінеді. Бұл есептеулерді Орталық сайлау комиссиясы ұсынды. Біз бүгін бұл шешімді үкімет қаулысымен қабылдадық. Ақшаның бір бөлігі бюджеттен, екінші бөлігі үкімет резервінен алынады"
Айта кетейік, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ата заңға өзгерістер енгізу үшін 5 маусымда республикалық референдум өтетінін мәлімдеген болатын. Осылайша қазақстандықтар араға 27 жыл салып, Қазақстан Конституциясының 33 бабына түзетулер енгізуге себепші болады.