Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ЖАСТАР НЕГЕ ӘСКЕРГЕ БАРҒЫСЫ КЕЛМЕЙДІ?

c 19:05, 03/05/2022 c 1538

0:00 / 0:00

Әскер қатарына жарамды жастар отан алдындағы борышын өтеуден бас тартуда. Қорғаныс министрлігі биыл әскерге 34 мың жас шақырылып жатқанын айтады. Өкінішке орай, әскерге шақыру хабарламасын ала тұра, қашып жүргендер саны 30 мың адамды құрап отыр. Жастар неге әскерден қашады? Себебі, қоғамда әскердегі қауіпсіздікке сенім жоқ. Ата-аналар тарапынан да әскерге кеткен баласы аман-есен оралатынына күмән бар. Себебі, әскер қатарына сау кеткен баласы ауру болып оралған немесе түсініксіз жағдайда мерт болған жағдайлар орын алуда.
Әскерде орын алған соңғы қайғылы оқиға есімізде. Әскер қатарына аттанғанына он күн ғана болған маңғыстаулық Әлібек Қалбай қайтыс болды. Қазір бұл қайғылы жағдайға қатысты тергеу жүріп жатыр. Әу баста марқұмның ата-анасына баласы сапта тұрғанда құлап қайтыс болған деп хабарланды. Марқұмның туыстары оның денесінде соққы іздері бар екенін айтып, алда тәуелсіз сараптама жасататынын мәлімдеді. Генералдар болса әскерді мұндай қайғылы жағдайлар боып тұрады дейді. Тіпті сарбаздың өлімін бір қалада болатын жағдаймен салыстырды.

Қандай жағдай болмасын қорғаныс министрлігі жастарды әскер қатарына шақыруды күшейтіп жатқаны мәлім. Тіпті әскерге барудан қашқандарға қатысты жауапкершілікті күшейді. Бұған дейін хабарланғандай, әскерге барудан жалтарғандарға 3 млн теңге айыппұл салынады. Қорғаныс министрлігі 18 бен 27 жаса аралығындағы ер азаматтардың әскерге баруын тартымды ету үшін, кредиті бар шұғыл әскери міндетін өтеушілерді төлемнен уақытша босату, сарбаздардың отбасына коммуналдық қызмет ақысын төлеуде жеңілдік жасау көзделген. Сонымен қатар білім беру саласында да жеңілдіктер қарастырылып жатыр. Одан бөлек, әскери міндетін өтеген соң оларды мемлекеттік органдарға жұмысқа орналастыру жоспары бар. Биыл әскер қатарына 34 мың жас шақырылып жатыр. Әскерге шақыру хабарламасын ала тұра, қашып жүргендер саны 30 мың адамды құрап отыр.

Қорғаныс минситрлігі шұғыл әскери міндетін өтушілерді еңбек нарығында сұранысқа ие 16 мамандық бойынша оқытатын болады. Оның қатарында трактор жүргізушісі, дәнекерлеуші, кран жүргізушісі, тағы сол сияқты мамандықтар бар. Осылайша жастар әскери міндетімен қатар, сұранысқа сай мамандықты меңгеріп шығады. Ал жастар неге отан алдындағы борышын өтеуден қашады? Себебі, қатарластары оқу-білім, мансап құрып жүргенде, әскерде жүргендер құр қалады деген ой қалыптасқан. Енді бірі – әскерде әлімжеттік бар деп қашады. Осылайша қоғамда әскердегі қауіпсіздікке сенім жоқ. Ата-аналар тарапынан да әскерге кеткен баласы аман-есен оралатынына күмән бар. Себебі, әскер қатарына сау кеткен баласы ауру болып оралған немесе түсініксіз жағдайда мерт болған оқиғалар орын алуда.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.